12.12.2019, 14:06 20334

Алматыда Қазақстандағы күрдтердің мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған "Бір ел - бір тағдыр" атты мерекелік фестиваль өтті

Іс-шара аясында "Бір ел - бір тағдыр" тақырыбында дөңгелек үстел, кітаптар көрмесі, ескі заманның нысандарын көрсететін Қазақстан күрдтерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі, шығармашылық ұжымдарының концерті және күрдтердің ұлттық тағамдарын жасаудан шеберлік сыныптары өтті.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның күрдтер қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстандағы күрдтердің мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған "Бір ел - бір тағдыр" атты мерекелік фестиваль өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, Алматы қ. Мәслихатының депутаттары, ҚХА мүшелері, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің, Қазақстанның күрдтер қауымдастығы филиалдарының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен ҚХА жастар қанаты қатысты.

Фестивальдің мақсаты - "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру; Қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.

Іс-шара аясында "Бір ел - бір тағдыр" тақырыбында дөңгелек үстел, кітаптар көрмесі, ескі заманның нысандарын көрсететін Қазақстан күрдтерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі, шығармашылық ұжымдарының концерті және күрдтердің ұлттық тағамдарын жасаудан шеберлік сыныптары өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны