16.08.2019, 19:21 11701

Алматыда "Central Asia Youth Festival" І Орталық Азия жастар фестивалі өтеді

Іс-шара жас көшбасшылардың әлеуетін дамытуға, Орталық Азия жастары үшін тұрақты диалог алаңын құруға, аймақтық интеграцияға, серіктестік құруға, Орталық Азия елдерінің жастар ресурстарын жұмылдыруға және жастар саясатындағы озық тәжірибемен алмасуға бағытталған.

Нұр-Сұлтан.16 тамыз. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 22 - 23 тамызында Алматы қаласындағы "Шымбұлақ" тау курортында "Central Asia Youth Festival" (CAYF) I Орталық Азия жастар фестивалі (CAYF) өткізіледі.

Фестиваль Қазақстандағы Жастар жылына арналады. Ұйымдастырушылары- ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры және Алматы қаласының әкімдігі. Шараның ұйымдастыру бойынша Елбасы Қорының серіктестері - БҰҰ, ЕҚЫҰ және Конрад Аденауэр Қоры.

Іс-шара жас көшбасшылардың әлеуетін дамытуға, Орталық Азия жастары үшін тұрақты диалог алаңын құруға, аймақтық интеграцияға, серіктестік құруға, Орталық Азия елдерінің жастар ресурстарын жұмылдыруға және жастар саясатындағы озық тәжірибемен алмасуға бағытталған.

Фестиваль ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевтің, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің және басқа да құрметті қонақтардың қатысуымен өтеді.

Бұл ауқымды іс-шараға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстаннан300-ден аса қонақ келеді деп күтілуде. Олар халықаралық ұйымдардың өкілдері, жастар көшбасшылары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері, стартап - кәсіпкерлер және спортшылар.

Фестиваль аясында қатысушылар аймақтық мәселелер мен проблемаларды талқылайды. Сессиялар барысында ITтехнологияларды және киберқауіпсіздікті, көші-қон мәселелерін және зияткерлік капиталды сақтау, еріктілік, салауатты өмір салтын қалыптастыру, білімге қол жетімділік, көп ұлтты қоғам - бейбітшілік пен келісім моделі және т.б. мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Осы бағыттарды талқылауға 30-ға жуық саяси және қоғам қайраткерлері, өмірлік мақсаттарға қол жеткізуде айтарлықтай тәжірибесі бар жас көшбасшылар қатысады. Олардың "Өңірлік даму" қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі Айдан Рамазанова (Әзірбайжан), Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігінің директорыТомас Хельм (Германия),Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ-ы кеңсесінің саяси сұрақтар бойынша кеңесшісіКолин МакКаллау, Қырғыз Республикасы Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілер мен жастардың бас продюсері, ұлттық үйлестіруші Айсұлу Кангелдиева және басқалар бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны