28.01.2021, 16:00 11543

Алматыда COVID-19 - ға байланысты жаңа шектеулер енгізілді

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.
Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.
 
Құжатта сауда ойын-сауық орталығы мен кафе, мейрамхана мен базарлардың жұмысына шектеулер енгізу жайы қамтылған.
 
Жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі.
 
Ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салынды.
 
Сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілді.
 
Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 9:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат. Толымдылық деңгейі 50% аспайды, әр үстелге 4 орыннан рұқсат беріледі. Әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтау қажет.
 
Сондай-ақ, жаңа қаулыда сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан тамақтандыру орындары мен фудкордтардың жұмысын шектеу жайы қарастырылған.
 
Олар сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы тек дайын тамақты үйіне жеткізу бойынша қызмет ете алады.
 
Қаулыда мәдени нысандардың, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің, яғни жабық мекемедегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың, батут және басқалардың қызметіне тыйым салу туралы айтылған.
 
Сондай-ақ, көрмелер, форумдар, конференциялар ұйымдастыруға болмайды.
 
Отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу шаралары) өткізуге тыйым салынды.
 
Сонымен қатар, өңіраралық және қалалық емес (туристік) тасымалдау қызметіне тыйым салынады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны