Система Orphus

Алматыда covid-19, суық тию ауруларын емдеу және алдын алу үшін дәрі-дәрмек әкелу рәсімін жеңілдету туралы айтылды

31.08.2020 22789

Алматы. 31 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда covid-19, суық тию ауруларын емдеу және алдын алу үшін дәрі-дәрмек әкелу рәсімін жеңілдету туралы айтылды.

ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Қауымдастығының президенті Марина Дурманова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында дәрілік заттарды әкелудің жедел және жеңілдетілген жолы туралы айтып берді.

Кейбір дәрілік заттарды қол жетімді ету проблемаларын шешу мақсатында Алматы қаласының әкімдігі, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтар бірлесіп бірқатар шаралар қабылдады. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімде заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді.

"Коронавирус инфекциясы мен суық тиюді емдеу және алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді бір реттік әкелу рәсімі жеңілдетілді. Өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты қауіпсіздік пен сапаны бағалау рәсімінің мерзімі қысқарды. Енді ол үш жұмыс күнін құрайды, сондай-ақ құжаттар пакеті азайтылды. Бұл дәрі-дәрмектердің дәріханаларға түсуін жеңілдетуге және жедел етуге көмектесті", - деді М. Дурманова.

Сонымен бірге, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді ұйымдастыру және жүргізу кезінде, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау - өтінім қабылданған күннен бастап, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, жеделдетілген түрде рәсімделіп, декларациялау жолымен ғана жүзеге асырылады. Бұл дәрі-дәрмектерді нарыққа шығару процедурасының мерзімін едәуір қысқартты.

Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетуді және рецептік дәрілік заттардың қолжетімділігін жеңілдететін тиісті өзгерістер енгізілуде.

"Бұл төтенше жағдай, шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантин кезінде, Республиканың дәріханалық ұйымдарынан рецептуралық дәрілік заттарды дәрігер рецептісінің электрондық көшірмесі, қағазда не электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, электронды тағайындау, яғни құрамында есірткі және психотроптық дәрілік заттар бар дәрілік заттарды қоспағанда, мобильді қосымшалар арқылы өткізуге жол берілетінін білдіреді. Бұл электронды ақпарат дәріхана базасында сақталады", - деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, 10 шілдеде "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 736 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Санитарлық -эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларға қарай енгізілген шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантинді ұйымдастыру және жүргізу кезінде, сараптама жұмыстары - өндірушінің сапаны бақылау зертханасында немесе өндіруші пайдаланатын келісімшарттық зертханада өндіріс жағдайларына бағалау және зертханалық сынақтар жүргізбей аяқталады. Бұл карантин кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу процесін тоқтатпау үшін жасалды.

"Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу, індеттің, жұқпалы аурулар пандемиясының пайда болуы мен салдарын жою жағдайларына өзгерістер енгізілді. Бұйрықпен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жедел сараптамасы көзделген. Бұл ретте олардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне қойылатын талаптар төмендетілген жоқ", - деп қорытындылады М.Дурманова.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны