11.06.2019, 20:35 9218

Алматыда дәстүрлі Star of Asia Almaty.kz 2019 халықаралық музыка фестивалі өтеді

Star of Asia музыкалық фестивалі - жыл сайын өтетін халықаралық оқиға. Бір сахнада Оңтүстік Корея, АҚШ, Грузия, ҚХР, Жапония, Әзірбайжан, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және басқа да танымал әртістер өнер көрсетеді.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - Star of Asia Almaty.kz 2019 фестивалінің үшінші маусымы 15 - 16 маусымда Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында жарияланды.

Баспасөз мәслихаты спикерлері хабарлағандай, оған қазақ және шет тілдеріндегі музыкалық шығармалар, cover-нұсқалары, жаңа дыбысталудағы хиттер орындалады. Оңтүстік Кореядан келген PENTAGON K-POP тобы өнер көрсетеді деп күтілуде.

Star of Asia музыкалық фестивалі - жыл сайын өтетін халықаралық оқиға. Бір сахнада Оңтүстік Корея, АҚШ, Грузия, ҚХР, Жапония, Әзірбайжан, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және басқа да танымал әртістер өнер көрсетеді.

"Музыка фестивалі туралы ақпарат сол күні 118 елге тікелей таратылады. Соның ішінде Түркияның "Аваз" телеарнасы да бар. Сол себепті шара 3 тілде жүргізіледі. Музыка фестивалінің үш жылдан бергі танымал жүргізушілері Алматы туралы, оның сұлулығы мен мақтан тұтатын жерлері туралы ақпаратты жұртшылық назарына жеткізетін болады",- дейді фестивальдің сценарийін жазған Шынар Омарова.

"Сценарист бұл шараның сценарийін 4 айдан бері жазып жатыр. Күніне 60 бет ақпарат дайындалады. Жүргізушілер үш тілде қатар еркін сөйлейді. Олар Алматының, еліміздің имиджін арттыруға бағытталған ақпаратты 4 сағат бойы үздіксіз ұсынатын болады",- деп қосты фестивальдің бас рижиссері Шара Айдарова.

2019 жылғы фестивальдің 1-ші күнінің хедлайнері - Ninety One тобы. 15-ші маусымда Сіздер үшін: Тайланд әртісі Golf Pitchaya, супер жұлдыздар - OUTLANDISH тобы және т.б. өнер көрсетеді.

Фестивальдің екінші күні МОТ, Dan Balan, НАZИМА сияқты орындаушылардың өнер көрсетуімен есте қалады. Фестивальдің 2-ші күнінің хедлайнері - Оңтүстік Кореядан келген танымал K-POP Pentagon тобы.

Фестиваль күндері - 15 және 16 маусым күндері фестиваль көрермендерін қаладан - Медеуге және Медеуден - қалаға арнайы автобустар (алдыңғы әйнегінде Star of Asia афишасы бар) тасымалдайтын болады. Бір жаққа қарай жол құны - 150 теңге. Ал фестивальдің билет құны 300 теңгеден басталады, деді баспасөз мәслихатына қатысушылар.

Автобусқа жиналатын жер:

1) Байтұрсынов көшесінің бойы: Сәтбаев көшесі мен Абай даңғылы арасындағы тұрақ алаңы.

2)Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылы (автобустың соңғы аялдамасы).

15-16 маусым аралығында автобустардың жүру уақыты: 16:00-00:00.

Автобус фестиваль меймандарын Медеуге екі жерден де 21:00-ге дейін тасымалдайды. Ал Медеуден қалаға автобустар 00:00-ге дейін қатынайды.

Фестивальге қатысушылардың толық тізімі www.starofasia.kz сайтында жарияланған.

Фестиваль 118 елде екі күн бойы трансляцияланады.

Сондай-ақ, Алматыда қоқысқа айырбастау арқылы Star of Asia 2019 музыкалық фестивалінің билеттерін алуға мүмкіндік беретін акция басталады.

Осы акция арқылы фестивальді ұйымдастырушылар "Тұтыну мен өндірістің ұтымды моделіне көшуді қамтамасыз ету" атты БҰҰ-ның №12 тұрақты даму саласындағы мақсаттарын қолдады

2017 және 2018 жылдардағы бағдарламаларға ARASH, K-POP тобы, Оңтүстік Кореядан ASTRO тобы, американдық әнші Anastacia, Serebro, Севара, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Ziruza, MadMen, ULYTAU және т.б. қатысқан болатын.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар 2019 жылы 15-16 маусымда фотографтар арасында өтетін "Қызыл жолдағы ең үздік сурет" атты конкурс жариялады.

Жеңімпазды фестивальдің ұйымдастыру комитеті таңдап алады, оған фестиваль демеушісінің арнайы сыйлығы табыс етіледі.

Instagram @starofasia.kz ресми парақшасынан да ақпарат алуға болады.

Фестивальдің ресми сайты: www.starofasia.kz

Фестиваль туралы сілтемелер

https://www.youtube.com/watch?v=Gf5oqUgUGBw

https://youtu.be/xL2ZX6SYvRY

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны