Система Orphus

Алматыда е-ПИК "Тұрғындар үшін қолжетімді сервис" порталының таныстырылымы болды

20.04.2019, 23:07 13960

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда "Тұрғындар үшін қолжетімді сервис" (е-ПИК) порталының таныстырылымы болды, ЭЦП кілті арқылы тұрғындар ПИК-терді (басқару органы) таңдайды және ауыстырады,онлайн есептерді көреді, шығындар сметасына дауыс беріп, үйден шықпай-ақ онлайн жиналыстар өткізе алады.

е-ПИК порталының бастамашылары Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы мен "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ-ы және "Almaty - adaldyq alany" жобалық офисі. Портал Smart Almaty концепциясының жетекші жобаларының бірі болып табылады.

"Жаңа порталды қолдану ПИК-тер жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді және қалада тұрғын үй сервисін арттырады.Үйлердің әрбір тұрғыны өз үйі мен кооператив туралы және оның қызметі жөнінде нақтылы мәлімет алып,күрделі жөндеу,төрағаны ауыстыру және басқа мәселелер бойынша еркін түрде онлайн дауыс бере алады",- деп атап өтті Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының бастығы Бақытжан Ақжаров.

www.almaty-ksk.kz порталы басқару органы туралы тұрғын үй инспекциясына шағымын жібере алады, учаскелік инспектордың мәліметтерін біледі, үй туралы және актуалды мәселелер бойынша (FAQ) хабардар болады. Басқару органдары портал арқылы өз қызметтерін тұрғындармен келісе отырып,ашық жүргізіп,ұсынылатын қызметтер сапасын арттыра алады. Айта кетерлігі, бұл алғашқы жоба емес. Тұрғын үй инспекциясы тұрғындарға электронды түрде пәтер ұсыну және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірқатар бағдарламаларды іске асырды.Мысалы,өткен жылдан бастап есепке алу және кезекке тұру, сонымен қатар мұқтаж жандарға мемлекеттік қордан пәтер бөлу бойынша шешім шығару тек электронды түрде жүзеге асуда.Республикада бірінші рет мегаполисте кезекте тұрғандарды электронды қайта тіркеу енгізілген. Бұлардан өзге, пәтерлерді есепке алу мен жалға беру төлемдері "1С: Бухгалтерия" базасы бойынша жүруде.

Осылайша Алматыда пәтер кезегіне қою мен оны бөлуден бастап тұрғын үйдің барлық процесстері толық информатизацияланды.

"Басқарма тағы екі қызметті ұсынушы болып табылады, олар - мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерді жекешелендіру және коммуналды тұрғын үй қорында тұрақты пайдаланатын жеке үй бар немесе жоғы туралы анықтама беру. Мемлекеттік қызмет көрсету реестрінде оларды электронды форматта ұсыну қарастырылмаған. Осы мемлекеттік қызметтер бойынша ағымдағы стандарттарға өзгерістер енгізілген соң кез- келген азамат мемлекеттік органға немесе ХҚКО бармай-ақ Басқарма сайтынан анықтаманы алып, үйін жекешелендіру бойынша өтініш бере алады", - деп түсіндірді Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Бақытжан Ақжаров.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны