17.09.2019, 17:37 4026

Алматыда Etalents.pro бірегей платформасының тұсаукесері өтті

Аталған бірыңғай платформада кастинг директорларға жаңа немесе әлдеқашан танылған актерлер өздерінің қаншалықты талатты екендіктерін көрсетуге мүмкіндік алса, режиссерлер мен сценаристерге кәсіби түсірілім тобын жинау процессі едәуір жеңілдетілмек.

Алматы. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда, Almaty Film Festival кинофестивалінің шеңберінде, кино саласы өкілдерінің басын қосатын Etalents.pro бірегей платформасының презентациясы өтті. Аталған бірыңғай платформада кастинг директорларға жаңа немесе әлдеқашан танылған актерлер өздерінің қаншалықты талатты екендіктерін көрсетуге мүмкіндік алса, режиссерлер мен сценаристерге кәсіби түсірілім тобын жинау процессі едәуір жеңілдетілмек.

Қазақстандық кино әлеміндегі жаңашылдық туралы "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы, кинопродюсер, сценарист Сәрсенова Гүлнәр, Еуропалық киноакадемияның мүшесі (EFA), продюсер Анна Качко, "Кинолифт" актерлерді таңдауға және іздеуге мүмкіндік беретін халықаралық онлай-қызметтің идеялық авторы Елизавета Шмакова мен ҚазКСР құрметті актрисасы, кастинг-директор Жанна Қуанышева айтып берді.

Сервисті әзірлеушілердің айтуынша, бұл жай ғана актерлік база емес, толыққанды бағдарламалық қамтамасыз етілген, қолдануға өте ыңғайлы әрі түсінікті сайт.

Ізденушілер, мысалы, актерлер тек қана осы сайтта тіркеліп, сауалнаманы толтырып, өзінің кәсіби дағдыларын, фильмографиясын, марапаттар тізімін, фото және бейнетүсірілімін енгізуі қажет, содан кейін бағдарлама автоматты түрде түйіндемені жасайды, ал оған киноцехтің басқа қолданушылары ұсыныстарын білдіре алады. Қажетті үміткерді айқын және дәл іздеуді қамтамасыз ететін 8 іздеу жүйесі ұсынылады. Сервис әлемнің негізгі 10 тілінде қызмет етпек. Басқаша айтқанда, қазақстандық актерлардан, кинооператорлар мен режиссерлардан команда құру енді оңай, сапалы, ең бастысы жедел әрі заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын болады!

"Мен бір жарым жыл бұрын "Нартай" фильмінің басты рөліне актерді таңдау үшін еліміздің танымал киностудияларының біріне келіп, актерлік бөлімнің қыздарын маған үміткерлерді көрсетуді өтінген кезде, маған жай ғана фотосуреттер мен "әжелердің" фотоальбомдары салынған файлдарды қолыма ұстатты. Сол кезде мен өте таңдандым... Сондықтан, біз осы бағытта қадам жасауға шешім қабылдадық - киноның барлық қайраткерлерінің онлайн-платформасын құру. Бұл база киноиндустрия бойынша деректерді ғана емес, адамдарды да біріктіреді. Бұл платформаны тек Қазақстанда ғана пайдалау үшін жасамаймыз. Себебі, біздің таланттарды республикадан тыс жерлерде де көргіміз келеді" - деді Гүлнәр Сәрсенова.

Etalents.pro - қазақстандық кино үшін өте заманауи жаңашылдық. Кинематографияның даму деңгейі отандық кино қызметкерлеріне маяк бола алатын басқа елдер де осылай санайды. Анна Качконың айтуы бойынша, мұндай платформалар бірнеше елдерде қызмет етуде, және Қазақстан үшін бұл өз киносын ыңғайлы сервиспен қамтамасыз ету ғана емес, әлемдік атақ туралы армандаған кинопрофессионалдарға үлкен демеу.

"Қазақстаннан тыс елдерде көп жұмыс жасайтын продюсердің көзқарасымен айтқым келеді. Бұл платформаны бірыңғай мүмкіндік деп санаймын. Маған, әрі Қазақстандағы өзге де кастинг-директорларға әріптестеріміз жиі жұмыс бойынша келетініне сенімдімін, оларды кімге жіберерімді білмейтінмін. Қазір, көптеген елдер Қазақстанды біртіндеп танып келеді. Қазақстанда Кинематография туралы заңның қабылданғанынан, жақында көптеген өзгерістер болатындығынан да хабардар. Ал дәл осы платформа әлемге одан әрі танылуға үлкен мүмкіндік береді", - дейді Анна Качко.

Etalents.pro авторлары үшін "Кинолифт" жобасымен жұмыс жасаған ресейлік әріптестерінің тәжірибесі көрнекі және пайдалы болған. Ол идеяның авторы Елизавета Шмакова атап өткендей, сервистің толыққанды жұмыс істеуі, танымал әрі пайдалы болуы үшін 2,5 жыл қажет болған. Гульнара Сарсенованың болжамы бойынша, қазақстандық сайтты дамыту үшін де осындай уақыт қажет болады.

"Бірнеше жыл бұрын мен Вера Глаголеваның "Не чужие" картинасына актерлерді іздегенмін. Біздің сол кезде кешкен жолымызды ешкімге тілемес едім. Өте ұзақ, қиын әрі жүйке тоздыратын кез болды. Мұндай платформа бірнеше жыл бұрын шыққанда қаншама уақыт пен күш үнемделер еді. Шындығын айтсам - сіздерге қызығамын, өйткені ресейлік платформамен салыстырғанда, қазақстандық сервистің жасалған сапасы мен мерзімдері ғаламшардың жылдамдығына тең десем болады. Ресей туралы айтар болсақ, біз өте ұзақ жылжыдық, мен көп жылдар бойы актерлер мен ұйымдарды бұл платформаға мән беруін сұраумен болдым. Ең қиыны актерлердің сана-сезімін өзгерту. Осы платформа арқылы бірінші кастинге шақыртулар мен рөлдерді алғанға дейін, актерлердің санасында бізде орнатылып қалған "дос ретінде" деген қағида болды. Қазір "Кинолифт" жарнаманы қажет етпейді, ол өзін алып шықты, адамдар біздің көмегімізбен уақытты үнемдеуге болатынын түсінді", - деді Елизавета Шмакова.

Бүгін, тұсаукесерге қатысушылар атап өткендей, бүкіл әлемде актерлік құрамға қойылатын талаптар өсуде. Дарынды және фактуралық көріністерден басқа, жұлдыз мәртебесіне үміткер тілдерді меңгеру, жақсы ән айту, билеу және басқа да дағдыларға ие болуы тиіс. Тіпті осындай күрделі іріктеу кезінде қазақстандық актерлер ең үздіктердің бірі болып саналатындығын Жанна Қуанышева атап өтті.

"Мен кинода 47 жыл болсам, оның 20 жылында кастингтермен айналыстым. Барлықтарыңыз кезінде түсірілім топтарына актерлік құрамды жасақтауға көмектескенімді білетін шығарсыздар. Мен ТМД елдерінің ішіндегі ең мықты актердік мектеп Қазақстандық мектеп екенін сеніммен айта аламын. Біздің балалар, егер бұл сәтті кинопроект болса, әлемнің жетекші фестивальдерінде басты рөлдерді орындағаны үшін сыйлықтар алған. Бүгінде жас актерлердің керемет ұрпағы өсіп келеді. Бұл идея әуелде пайда болып, әуеде қалқып тұр еді, тек жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыратын өз ісіне берілген, энтузиасттар тобы қажет болды деп санаймын".

Сонымен қатар, Etalents.pro жобасының идея авторлары мен басшылары Лаура Ергалиева мен Надин Цой екенін атап өту қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны