18.11.2019, 19:21 20483

Алматыда халықаралық іздеуде болған азамат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі офицердің жалған құжатымен ұсталды

Аталған азамат алаяқтық күдігі бойынша қамауға алу жөніндегі бұлтартпау шарасымен Алматы облысының полиция департаменті жариялаған халықаралық іздеуде болған.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі а.ж. 16 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін қолдану туралы ақпаратты тексеру барысында Алматыда 1987 жылы туған, Алматы облысының тұрғыны Құтелов Бақыт Майлықұлын ұстады.

"Әбіш Бахтиярдың" атына жалған мәліметтері мен оның фотосы бар аса маңызды істер жөніндегі офицердің жалған құжаты алынды.

Аталған азамат алаяқтық күдігі бойынша қамауға алу жөніндегі бұлтартпау шарасымен Алматы облысының полиция департаменті жариялаған халықаралық іздеуде болған.

Ұсталған Б.М. Құтелов Алматы облысының полиция департаментіне берілді.

Видео: https://www.youtube.com/watch?v=bLiI6aCi9AY&feature=youtu.be

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны