05.02.2020, 18:39 6279

Алматыда Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жаңа кітабының тұсауы кесілді

Салтанатты шарада М.Шахановтың өлеңдеріне жазылған әндер, сондай-ақ ақынның "Бір адамға байланысты бір адамның болашағы", "Бөдене таланттар мен Қажымұқандар" және т.б. шығармалары орындалды.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жаңа кітабының тұсауы кесілді.

Бүгін Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың "Өркениетті жаңылыстыру" мен "Жазагер жады космоформуласы" атты екі кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.

Кешке Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, "Жалын" журналының бас редакторы Құдияр Біләл, Халықаралық білім беру ұйымының президенті Әділ Сағынбекұлы қатысып, сөз сөйледі.

Олар Мұхтар Шахановтың бүкіл әлем мойындаған жазушы екенін әрі оның жұмыстары әлемнің 170-тен астам тіліне аударылып, мыңдаған марапаттарға ие болғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ кешке қатысқан қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Халық жазушысы әрі философты жаңа кітабының шығуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Салтанатты шарада М.Шахановтың өлеңдеріне жазылған әндер, сондай-ақ ақынның "Бір адамға байланысты бір адамның болашағы", "Бөдене таланттар мен Қажымұқандар" және т.б. шығармалары орындалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны