11.01.2020, 16:35 4958

Алматыда "Ильин" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Косырьковқа мемлекетаралық іздестіру жарияланып, ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.

Алматы. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда "Ильин" ұйымдасқан қылмыстық тобының бір мүшесі сотталды.

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Алматы қаласының №2 Медеу аудындық соты қылмыстық топтың мүшесі А.В.Косырьковқа қатысты үкім шығарды.

Ол 2014 жылғы наурыз - 2015 жылғы ақпан аралығында С.Ю.Ильин басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, онымен Алматы қаласы салық департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Е.Ж.Жексембиновтің арасында екіншісінің жалған кәсіпкерлік қызметке қамқорлығы үшін парақорлыққа делдал болғанына байланысты кінәлі деп танылды.

Берілген параның жалпы сомасы 135 000 АҚШ долларын құрады.

Косырьковқа мемлекетаралық іздестіру жарияланып, ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.

Сот үкімімен Косырьков 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық қоғамдастықтың қатысушылары, соның ішінде Алматы қаласының қаржы полициясының бұрынғы бастығы генерал Аманбаевқа да түрлі жаза түрлерін тағайындаған болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны