15.07.2020, 10:50 4900

Алматыда кейбір ауданда газ беру тоқтатылатыны хабарланды

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы орташа қысымды жерасты газ құбырында анықталған апаттық жағдай қалыпқа келтірілгенше 16 шілдеден бастап газ беру тоқтатылатынынын хабарлайды.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласының табиғи газ тұтынушыларының назарына!

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы орташа қысымды жерасты газ құбырында анықталған апаттық жағдай қалыпқа келтірілгенше 16 шілдеден бастап Көктем ықшам ауданы, Әл-Фараби - Назарбаев - Сейфуллин даңғылдары - Тимирязев - Попов - Шашкин көшелері аумағында 258 жеке тұрғын үй, 549 көппәтерлі тұрғын үй, 14 коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік кәсіпорын және ЮВРК қазандығына газ беру тоқтатылатынынын хабарлайды.

Осыған байланысты тұрғындардан газ бұрандаларын жауып, "Интергаз Орталық Азия" АҚ магистралдық газ құбырлары басқармасына қарасты Алматы газ шаруашылығының мамандары жүргізетін жұмыстар толық аяқталғанша қайта қоспауын өтінеді.

Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұрайды. Себебі аталған жұмыстар Алматы қаласының газ желілерінің апатсыз жұмыс істеуіне бағытталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны