21.02.2020, 22:41 8815

Алматыда коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтауды ұсынады

Алматының халықаралық әуежайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен құрылған коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штабтың отырысы өтті.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтауды ұсынады.

Алматының халықаралық әуежайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен құрылған коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штабтың отырысы өтті. Өңірлік штаб қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен жұмыс істейді.

Жиында шаһардағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және ұшып келетін халықаралық рейстерді бақылау аясында санитарлық-карантиндік шараларды іске асыру барысы пысықталды.

1 ақпаннан бастап Алматы қаласында медицина қызметкерлері және уәкілетті мамандармен мегаполистің халықаралық әуежайына келетін барлық халықаралық рейстерге тексеру жүргізілуде. Аэропорт аумагында тәулігіне 33 ке жуық эпидемиологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың өзара іс-қимыл алгоритмі темір жол станцияларында, автомобиль өткелдерінде сақталады. Қаланың медициналық ұйымдары коронавирустық инфекцияны бақылау мен алдын алудың күшейтілген шараларын жүзеге асырады. Ұлттық сараптама орталығы базасында 200-ден астам жағынды сынамалары зерттелді, оң нәтижелер жоқ. Алматыда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Сонымен қатар, мегаполисте 100 мыңнан астам медициналық бетперделер мен 700 ден астам дәрі- дәрмек қоры бар. Жалпы, қала барлық қажетті қорғаныс құралдарымен толық жабдықталған.Сондай-ақ санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілді, сауда үйлері мен базарлар бойынша санитарлық бақылау шараларының сақталуына тексеру жүргізілуде. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша 18 мыңға жуық жадынама таратылды.

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын/сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден денсаулығыңызды қорғау үшін алдын алу шараларын сақтауды сұраймын:

- күн сайын дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;

- үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;

- күн сайын ылғалды тазалау жүргізу;

- қолды сабынмен жиі жуу;

- жеке ыдыс, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т.б.) пайдалану. Сондай-ақ ЖРВИ мен тұмауды жұқтыру қаупі жоғары кезеңде, бірқатар елдерде вирустық инфекциялардың таралуы бойынша жағдайды ескере отырып, шаһар тұрғындарына адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу және қауіпті аймақтарға шықпауға кеңес беріледі.

- Дене қызуы бар адамдардың қоғамдық орындарға бармай, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну, сондай-ақ жедел респираторлық инфекциясының белгілері бар жандар "жөтелу этикетін" сақтағаны абзал (қашықтықты сақтау, жөтелгенде не түшкіргенде бір реттік майлықпен немесе киіммен ауызды жабу, қолды жуу).

Қазақстан аумағында 1406 нөмірі бойынша коронавирус мәселелері жөнінде тәулік бойы бірыңғай call-center жұмыс істейді. Күдік туғызған және медициналық көмектің тапшылығы орын алған жағдайда хабарласуларыңызды өтінеміз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны