06.05.2022, 16:32 22626

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай төлем алды

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай төлем алды
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 6 МАМЫР - Бүгін, 6 мамырда, Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай қаланың барлық ардагерлері 1 млн теңге көлемінде бірреттік төлем алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, бүгінде Алматыда 75 ардагер (ҰОС) тұрып жатыр.
 

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 1592 тұрғынға және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының 2870 ардагеріне 100 мың теңге мөлшерінде бірреттікматериалдық көмеккөрсетілді", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

 
Жеңіс күніне орай төлем алушылар тізіміне соғыс кезінде тылдағы қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған 9370 тыл еңбеккері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 455 жесірі кірді. Олар үшін бірреттік материалдық көмек мөлшері 50 мың теңгені құрады.
 
Жеңіс күніне орай материалдық көмек Алматы қаласының әкімдігі бекіткен тізімдер бойынша өтініштер талап етілмей төленді. Барлық төлемдерді 14 362 адам алды.
 

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін біржолғы төлем сомасы екі есеге – 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Осыдан соң мәслихат депутаттары Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясында қала басшысының ұсынысын қолдады", - деп еске салды ведомствода.

 
9 мамырға қарай Қазақстанда ардагерлерге 5,4 млрд теңге төленеді.
 
Алматыда Жеңіс күнін қалай тойлайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны