20.03.2025, 17:51 118941

Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады

Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады
Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті. 20 наурыз күні сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, домбырада күйлер орындады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ұлттық киім киген жас музыканттар "Адай", "Балбырауын" және "Ерке сылқым" күйлерін орындап, қаланың көшелерін қазақтың күйімен тербетті. Челлендждің басты мақсаты - өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау.

Музыкалық флешмоб еліміздің әр қаласын ұлттық аспаптың күмбірімен біріктіріп, жас домбырашылардың дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны