01.03.2020, 21:47 7605

Алматыда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында 29 спорт және балалар алаңы салынды

2019 жылы Алматыда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында 140 жоба жүзеге асырылды.

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында 29 спорт және балалар алаңы салынды.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша "Рухани Жаңғыру" жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнар Қоңырова мәлімдеді.

2019 жылы Алматыда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында 140 жоба жүзеге асырылды.

"Туған жер" арнайы жобасы "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының бағыттарының бірі, ол "кіші отанды" дамытуға, азаматтарды туған өлкені дамытуға тартуға, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

"Туған жер" арнайы жобасы аясында 2017 жылдан бастап демеушілер есебінен 46 нысан салынды. 2019 жылы 108 жоба іске асырылды.

"Тенгриан күнтізбесі" мүсін кешенінің ашылуымен Орталық мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңарту және модернизациялау аяқталды, Бостандық ауданында №105 мектеп-гимназиясының жанына салынған 300 орындық қосалқы нысан пайдалануға берілді. №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесі мен операциялық блогын қалпына келтіру және жабдықтау аяқталды. Демеушілердің қатысуымен 29 спорт және балалар алаңы салынды. "Асыл Мирас"қайырымдылық қорының қаражаты есебінен бас ботаникалық баққа қайта жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың күзінде Бостандық ауданындағы № 140 мектепке 300 орындық қосалқы құрылысты аяқтау, қаланың 10 кітапханасын модернизациялау жоспарланған. Олар Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының үлгісі бойынша коворкинг-орталық болады.

Сонымен қатар, арнайы жоба аясында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін "Smart Jastar" ("Туған жер"), "Jas Kasipker" жастар лагерлері жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны