Система Orphus

Алматыда шағын аудан тұрғындары стадион орнында колледжге жапсаржай салуға қарсы

18.05.2021 8533
Алматыда шағын аудан тұрғындары стадион орнында колледжге жапсаржай салуға қарсы
АЛМАТЫ. 18 МАМЫР - Алматылықтар аула ішіндегі құрылысқа қарсы. Айтуынша, үй жанындағы оймақтай жер үлкендер мен балалардың серуендейтін жалғыз орны. Ал, мемлекеттік педагогикалық коллеждің басшылығы ол жерге нысанды кеңейту мақсатында тағы бір оқу орнын салмақшы екен. 
 
Таң сәріден осылай деп талабын жеткізген Әуезов ауданының тұрғындары мемлекеттік оқу орнынының бой көтеруіне қарсы. Себебі үш қабатты жаңа нысан салынса, балалар ойнайтын алаң да қалмайды, ауа да тарылады дейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
 

25 жыл болды тұрып жатқаныма. Осы стадионда күнде жүремін, өзім қант диабетімін. Өңшең ауру кемпілер жүреді, біреуі жүрегіне операция жасатқан деген сияқты. Балаларым ойнайды стадионда. Өзім айналамын 10 рет айналамын күніге. Басқа жер жетпей қалды ма мынаған", – деді Әуезов ауданының тұрғыны Тәжігүл Әбиуллаева.

 

Серуендегеннен бөлек, бұл жер аудан тұрғындары үшін қауіпсіз орын саналады. Мысалы, жер сілкінісі немесе қандай да бір төтенше жағдай бола қалса, барлығымыз осы жерге жиналамыз. Бұл жерден айрылсақ, кешкі уақытта таза ауамен тыныстау үшін бәрімізге көше кезіп кетуге тура келеді", – деді Әуезов ауданының тұрғыны Роза Нүксінова.

 
Ал, педагогикалық колледждің директоры болса оқу орны қосымша ғимаратқа мұқтаж екенін айтады. Қазір білім алып жатқан нысанда бар болғаны 21 кабинет бар екен. Салдарынан студенттер 2 ауысымда білім алуға мәжбүр. Тіпті мұғалімдерге кей кездері кітапхана мен колледждің мұражайында сабақ беруге тура келеді.
 

Қазіргі оқу орнынында асхана мүлде жоқ. Студенттеріміз үшін тамақ ішетін шағын орын дайындағанбыз. Оның өзі 36 адамға ғана арналған. Оның үстіне жыл санап педагогикалық мамандыққа сұраныстың артқанын байқасақ, оқу орнының корпусын үлкейтуіміз қажет. Тұрғындар талабы орынсыз деп санаймын", – деді №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің директоры Бибі Дуанбаева.

 
Бұл жерге 900 адамға шақталған 3 қабатты оқу орнының корпусын салу жоспарланған. Құрылыстың жобалық-сметкалық құжаттары да дайын екен. Білім нысаны үшін бюджеттен қаржы да бөлінген. Колледж құрылысы биыл басталса, 2022 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. 
 

Колледж салынуы керек болған бұл стадионның ауданы 8 мың шаршы метр. Ол жердің барлығына оқу орны салынбайды. Жобалық-сметкалық құжатта көрсетілгендей колледж тек 2 мың шаршы метр жерінде ғана бой көтереді. Ал, қалған 4 мың шаршы метр аумақты көгалдандыру мақсатында пайдалану жоспарланған", – деді Жайлы қалалық орта басқармасының бас маманы Нұрбек Жасыбаев.

 
Аудан тұрғындары жер мемлекет меншігіне өтсе, айналаны толығымен темір қақпамен қоршап, күннің көзін көлегейлеп тастайды ма деп қауіптенеді. 
 
Ақпарат көзі: almaty.tv
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны