29.04.2020, 11:18 6129

Алматыда әскери қызметшілер ер адамға алғашқы көмек көрсетті

Зардап шегуші көп қан жоғалтқан, бірақ дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында тірі қалған.

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда әскери қызметшілер ер адамға алғашқы көмек көрсетті.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Дінмұхамед Алтынбек пен Ерзат Бекполов Алматы қаласындағы Жангелдин және Жүргенов көшелерінде орналасқан ауданда егде жастағы ер адамды құтқарды.

Әскери қызметшілердің айтуынша, дезинфекция жүгргізу кезінде жаяу жүргіншілер жолының жиегінде жатқан қарт ер адамның жарақат алғанын және қанды көрген. Әскерилер шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатқан.

"Біз жарақатты қолда бар заттармен таңдық. Таңғыш матаның орнына белбеу қолданып, жедел-жәрдем шақырдық", - деді әскери-инженерлік институтының 4 курс курсанты Дінмұхамед Алтынбек.

Зардап шегуші көп қан жоғалтқан, бірақ дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында тірі қалған.

"Сол күні зейнетақы алғанмын, қолымда ақша салынған әмияным болды. Бұзақы менен ақша сұрады, беруден бас тартқаннан кейін пышақпен шынтақ буынының бүгілген жеріне соққы жасады. Балалар өз көмектері мен қоса қырағылықтарын көрсетті. Олар менің жарақатымды байлап, қан тоқтатып, жедел жәрдем шақырды. Мен оларға шексіз ризамын. Олардың өмірі мен қызметі сәтті болсын. Әскерилерді кәсіби мамандар даярлайтынына көзім жетті. Осындай жауынгерлер ел қорғаны болып тұрғанда біз тыныш өмір сүре аламыз", - деді Мерген Шымербаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілері үй-жайлар мен нысандарды, қоғамдық орындарды ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда. Алматы қаласында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бөлімшелерімен 5,5 млн шаршы шақырымнан аса аумақ өңделді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны