Система Orphus

Алматыдағы COVID-19 ошағында қалған азаматтардың жұмыс орны сақталып, уақытша емделу демалысына жіберіледі

19.03.2020, 19:23 4510

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыдағы COVID-19 ошағында қалған азаматтардың жұмыс орны сақталып, уақытша емделу демалысына жіберіледі.

ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялау" жарлығын орындау мақсатында, коронавирус инфекциясының таралуымен күресу штабының шешімімен және Алматы қаласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 18.03.2020 ж. №8 үкімімен қала аймағында карантин жарияланды. Жаңа карантиндік жағдайға сәйкес қала ішіндегі тұрғындардың өмірі мен шаруашылық және басқа да "арнайы" режимге өтеді.

Инфекцияны жұқтырғандар тұратын пәтерлер оқшауланып, барлық ауданы залалсыздандырылады.

Атап өтетін жайт, барлық меншік үлгісіндегі кәсіпорындар мен мекемелер COVID-19 вирусын жұқтырғандармен байланысып, оқшауда қалған азаматтардың жұмыс орны мен еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақысын төлеуге міндетті.

Шектеу немесе тексеру шараларын өткізу барысында сақтық шараларына ерекше мән беріледі. Қалалық арнайы қызмет мекемелерінің өкілдері жеке басты қорғау құраларымен жабдықталып, блок-посттарда тазалық сақтау құрылғылары орнатылады.

Сонымен қатар, үй карантинін сақтамағандар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Қала билігі тұрғындарды төтенше жағдай режиміне түсінушілікпен қарап, тәртіпке бағынып, аса қатты қажеттіліксіз сыртқа шықпай, барлық сақтық шараларын орындапуға шақырады.

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар:

- тұрғылықты мекенінде немесе жұмыс орнында вирус жұқтырушымен соңғы кездескен уақыттан бастап инкубациялық кезең бойына (14 күн ) өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтау (үй карантині, сыртқа шығуға тыйым салынады) қажет

- жанұя мүшерінің денсаулығын жіті бақылауда ұстаған дұрыс

- ЖРВИ (дене қызуы, тұмау, жөтел) белгілері байқалған жағдайда жедел жәрдем гақыруы тиіс

Сұрақтар бойынша тәулік бойы қызмет көрсететін колл-центр - 1406 және Open Almaty - 1308 нөмірлеріне хабарласуға болады. Егер аурудың асқынған белгілері анықталған жағдайда жедел түрде 382-33-50 нөмірі бойынша қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне хабарласа аласыздар.

Ресми ақпараттарды Алматы қаласы әкімдігі сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат StopcovAlmaty телеграм парақшасынан табасызздар.

Еске салайық, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин жарияланды Қалаға тұрғындардың кіріп-шығуы шектелді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны