10.02.2020, 18:31 3051

Алматыдағы медициналық бетперделер шығаратын кәсіпорын тәуліктік жұмыс режиміне көшті

Айына кәсіпорында 2,5 млн. дана бетперде дайындалады. Өнімді автоматты және қолмен өндіруге арналған шикізат қоры жеткілікті деңгейде.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыдағы медициналық бетперделер шығаратын кәсіпорын тәуліктік жұмыс режиміне көшті.

Коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Б. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының Өңірлік штабы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасымен бірлесіп, медициналық бетперделер шығаратын "Dolce Farm"ЖШС фармацевтикалық компаниясының кәсіпорнына барды. Тексеру барысында өндірістік қуатқа көңіл бөлінді.

Айына кәсіпорында 2,5 млн. дана бетперде дайындалады. Өнімді автоматты және қолмен өндіруге арналған шикізат қоры жеткілікті деңгейде.

Сонымен қатар, ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиялық көтерілу кезеңін, сондай-ақ коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алуды ескере отырып, кәсіпорын тәуліктік (үш ауысымда) жұмыс режиміне көшті. Бетперделерді өндіретін шикізат қорын ұлғайту үшін шетелдік жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде. Бұдан өзге медициналық бетперделерді өндіру кестесі мен одан әрі іске асыру жолдары тексерілді.

Сондай-ақ фармацевтикалық индустрияны дамыту, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару перспективалары талқыланды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны