17.02.2021, 20:28 12635

Алматыдағы Sulpak дүкенінің жанындағы ағаштарды кесу ісі аяқталып, прокуратураға жолданды

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы полициясы "Sulpak" дүкенінің жанындағы ағаштарды кесу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің аяқталуына қатысты түсініктеме берді.
 
Есеп беру кездесуі барысында, тұрғындар Бақытжан Сағынтаевтан "Sulpak " дүкенінің жанындағы ағаштарды кескендер қандай жауапқа тартылғанын сұрады.
 
Бұл сауалға Алматы қаласының Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов жауап берді.
 

Бұл факт бойынша біз тергеу процесін аяқтадық. Іс ҚРҚК 300 бабы бойынша қаралды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс прокуратураға жолданды", - деді ол.

 
Еске сала кетсек, 23 қарашаға қараған түні Алматыда сауда үйінің жанында (Әуезов - Төле би көшелерінің қиылысы) жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұған қатысты тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды.
 
Мемлекет басшысы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны