16.02.2021, 19:12 17186

Алматыда жүк көлігінің қозғалысы шектеледі

Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан астам жүк көлігі кіретінін көрсетті.
Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігі транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін зерттеп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырудамыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан астам жүк көлігі кіретінін көрсетті", - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-те.

 
Б.Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ, көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізілуде. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.
 
Бұған дейін Алматы әкімі қалалық қоғамдық көлік паркінің экологиялық көгілдір отынмен жүретін 41 автобусқа жаңарғанын хабарлаған еді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны