26.08.2021, 20:54 14097

Алматыда жаңа оқу жылы: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

АЛМАТЫ. 26 ТАМЫЗ - Алматының Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин пандемия жағдайында жаңа оқу жылында қаланың білім беру мекемелерінің қызметін реттейтін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаулыға сәйкес, 2021-2022 оқу жылында барлық білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі.
 
Тиісті мемлекеттік құрылымдарға санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз ету тапсырылды; педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациясы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда); ұйым қызметкерлерін, ата-аналарды, келушілерді, 18 жастан асқан оқушыларды тіркеу үшін кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу; бетперде режимін сақтау.
 
Сонымен қатар, күндізгі оқытудың қажетті шарттары - рециркуляторлардың, санитайзерлердің, антисептиктердің, міндетті термометрияның жеткілікті санымен қамтамасыз етуі.
 
Бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады. Зертханалық және практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік жүйе жойылады.
 
Сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау жағдайларында оқыту тапсырылды.
 
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
Бұған дейін Жандарбек Бекшин ата-аналардың өтініші бойынша балалар қашықтықтан оқуда қалуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, агенттік сайтында оқырмандардан: "Елде COVID-19 ауруы өсуде. Осыған байланысты балалар мектепке қайта оралуы керек деп ойлайсыз ба?" - деген сұраққа жауап беру ұсынылды
 
Бүгінгі күні онлайн-оқыту мүмкіндігін қолдаушылар саны сұралғандардың 70%-ына дейін өсті: олардың 36%-ы қашықтықтан оқытуды жалғастыру қажет деп санайды; 34%-ы - ата-аналарға онлайн- және офлайн-оқыту арасында таңдау мүмкіндігін бергені үшін. Мектепке оралу үшін қатысушылардың 26% дауыс берді. 2% "Маған бәрібір" жауабын таңдады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны