31.08.2020, 13:36 8271

Алматыда ЖМКА базасында ауруханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын бақылайтын пилоттық жоба іске қосылды

"IT қоғамдастығының көмегі мен жекелеген компанияларды көмекке шақырғанның нәтижесінде, қала үшін тегін бір порталдық шешім жасай алдық. Ол арқылы барлық препараттарды бақылауға болады. Порталға кіріп, дәрі бар ма, жоқ па, соны біле аласыз", - деді Баян Қоңырбаев.

Алматы. 31 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда ЖМКА базасында ауруханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын бақылайтын пилоттық жоба іске қосылды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы цифрландыру Басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтып берді.

"IT қоғамдастығының көмегі мен жекелеген компанияларды көмекке шақырғанның нәтижесінде, қала үшін тегін бір порталдық шешім жасай алдық. Ол арқылы барлық препараттарды бақылауға болады. Порталға кіріп, дәрі бар ма, жоқ па, соны біле аласыз", - деді Баян Қоңырбаев.

Б.Қоңырбаев пилоттық жоба жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында іске асырылғанын нақтылады.

"Есеп жүйелерін интеграциялау арқылы қаланың ішінде болуы керек препараттар бойынша жалпы талдау жүргізе бастадық. Бұл қиын жағдайда дәрі-дәрмектерді реттеу, толықтыру үшін қажет болды", - деді Баян Қоңырбаев.

Жоба стационарда емделіп жатқан пациенттерге, олардың туыстарына ауруханаларда препараттардың бар-жоғын өз бетінше бақылауға мүмкіндік береді.

"ЖМКА базасындағы шешімді таптық, енді басқа ауруханаларға көшіре бастаймыз. Басты идея - қаланың барлық ауруханаларын қамту. Қосымша компьютерлік томография бойынша рентген жабдықтары мен радиологиялық жабдықтарды біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл радиологиялық суреттерді сақтаудың жалпы PACS жүйесі. Қазіргі уақытта Алматының 10 ірі ауруханасында біріктірілген. Келесі кезеңде емханаларға біріктіруді жоспарлап отырмыз. Қазір емханалардың, олардың ақпараттық жүйелерінің радиологиялық суреттерді сақтау бойынша, жалпы ақпараттық жүйеге интеграциялану дайындығы бойынша мәселені пысықтап жатырмыз", - деп толықтырды Баян Қоңырбаев.

Қорытындылай келе ол маска киген адамдарды тану (ажырату) бойынша бейнебақылау жобасының нәтижелері туралы айтты.

"Жоба өзін өте жақсы көрсетті. Енді біз бұл жобаны қалада коронавирус инфекциясының таралуын шектеу бойынша цифрлық технология, қосымша құралдар жасау арқылы дұрыс жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін сұраныстағы бағыттарға тартамыз,"-деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны