22.01.2021, 19:10 17834

Алматыда жылумен қамту тарифі төмендетілді

Халық үшін үнем 552 млн теңгені құрайды.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020 жылғы дерек бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты қала тұрғындарын жылумен қамту тарифін 3% - ға төмендетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Төмендетілген тариф 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданылады.

Тарифті төмендету есебінен халық үшін үнем 552 млн теңгені құрайды. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтың жүктемесін бюджеттік ұйымдарға қосымша қайта бөлінген.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14% - ға өсуі күтілді. Алайда, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті энергия көздеріндегі тарифті төмендету арқылы халық үшін тарифтің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізді, нәтижесінде 2021 жылы халық үшін тарифті 2020 жылғы деңгейде өсімсіз қалдыруға мүмкіндік туды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны