02.10.2017, 17:44 4290

"AlmatyInvest 2017" форумында киноиндустрияны дамыту жайы қаралатын болады

Алдағы өтетін іс-шараныӊ қонағы, кинорежиссер Рашид Нұғмановтыӊ айтуынша, дүниежүзінде киносаласына инвестициялар тартудыӊ тиімді құралдары қолданылуда, бұл, жергілікті кадрлардыӊ біліктілігін көтеруге, жаӊа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылым мен туризмді дамытуға ықпал етеді.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - Халықаралық режиссерлар, продюсерлер және кинематографистер 2017 жылғы 5 қазанда өтетін "AlmatyInvest 2017" форумыныӊ барысында киноиндустрияныӊ ТВ-жобалары мен келешектерін дамытуды іске асыру бойынша Алматы қаласыныӊ әлеуетін талқылайтын болады.

Қатысушылар жобаларды продюсерлеу бойынша тәжірибе алмасады, кино мектептерін құру жоспарлары туралы айтып береді, сондай-ақ кино және тв-үдерістерін ұйымдастыруды жеӊілдететін құралдардыӊ тұсаукесерлерін көрсетеді, бұл, салаға салынатын инвестициялардыӊ ағымын ынталандыруға септігін тигізеді.

Алдағы өтетін іс-шараныӊ қонағы, кинорежиссер Рашид Нұғмановтыӊ айтуынша, дүниежүзінде киносаласына инвестициялар тартудыӊ тиімді құралдары қолданылуда, бұл, жергілікті кадрлардыӊ біліктілігін көтеруге, жаӊа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылым мен туризмді дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, форумныӊ талқылау жұмысына MTV Еуропа продюсері - Ричард Корам, музыка және кино-тв-продюсер Тонги Дайран, "Невафильм" зерттеу компаниясыныӊ директоры Олег Брезин, режиссер, "Ашаршылық" жобасыныӊ авторы Марина Кунарова, Astana Film Fund продюсері Эрнар Құрмашев және Киноматографистер Одағыныӊ төрағасы Ахат Ыбраев қатысады.

Бұдан басқа, логистикаға, білімге, тамақ өнеркәсібіне және кино өндірісіне арналған негізгі талқылау сессияларынан басқа, форум шеӊберінде инвестор Айдан Кәрібжановтыӊ және экономист Рахым Ошақбаевтыӊ қатысуымен "Халықаралық инвестициялық тәжірибе" пленарлық ТВ-талқылауын өткізу көзделген. Олар екі жақты - инвесторлар және экономистер - көзқарасы жағынан мегаполиске шетелдік инвестицияларды тартудыӊ үздік әлемдік тәжірибесін қарайтын болады, деп хабарлайды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны