29.09.2020, 21:03 6413

Алматылық дәрігерлер ата-аналарға балалардың ауруларының алдын алу бойынша нұсқаулар берді

Қалпына келтіру медицинасының дәрігері Айгүл Солтанбек емхана жанындағы Салауатты өмір салты кабинетінің қызметкерлері ата-аналармен және балалармен алдын алу шаралары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

Алматы. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №4 қалалық емхананың бас дәрігері Зухра Омарова және қалпына келтіру медицинасының дәрігері, реабилитолог Айгүл Солтанбек COVID-19 алдын алу шаралары туралы айтып берді.

"Біз қазір тұмауға қарсы вакцинаны белсенді жүргізіп жатырмыз. Барлығына қашықтықты сақтауды, емханаларға қажетсіз бармауды ұсынамыз. Емханалар жанында мобильді топтар жұмыс істейді. Пациенттер call-орталықтар арқылы оларды шақыра алады. Мобильді топ шығып, жағдайын бағалап, қажетті шараларды қабылдайды. Егер дене қызуы болса, үйде қалып, мамандарды шақыру қажет", - деді Зухра Умарова.

Қалпына келтіру медицинасының дәрігері Айгүл Солтанбек емхана жанындағы Салауатты өмір салты кабинетінің қызметкерлері ата-аналармен және балалармен алдын алу шаралары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

"Күзгі кезеңнің басталуымен тұмау, ЖРВИ және т.б. сияқты маусымдық аурулардың пайда болу ықтималдылығын қарастырамыз. Ең бастысы- тазалықты сақтау. Ал балаларға қатысты айтарымыз, оларға артық шаршауға жол бермеу керек. Сондай - ақ, күнделікті өмірді дұрыс қалыптастыру қажет - бұл толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану. Дене жаттығуларын орындау, соның ішінде көзге арналған жаттығулар жасау ұсынылады. Көптеген балалар онлайн оқып жатқандықтан, балалар бөлмесінде ауа алмасуды қамтамасыз ету маңызды", - деп қорытындылады А.Солтанбек.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны