Система Orphus

Алматылық психологтар пандемия жағдайында қалай өмір сүру керектігі туралы ұсыныстар айтты

25.08.2020 29809

Алматы. 25 тамыз. Kazakhstan Today - Алматылық психологтар пандемия жағдайында қалай өмір сүру керектігі туралы ұсыныстар айтты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-брифинг барысында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры Николай Негай, алматылықтарға коронавирус пандемиясы жағдайында қалай өмір сүру керектігі жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

Маманның айтуынша, бүгінгі таңда қоғамда пандемия кезінде болуы мүмкін деп күтілген теріс реакциялар байқалады: теріске шығару, агрессия, аулақ болу және күдік. Ал басты мәселе-бұл жағымсыз реакциялар инфекцияның таралуына ықпал етіп, ұзақ және ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін.

"Бұл құбылыстардың алдын алу, азайту және жою үшін адамның өзі қолдана алатын стрессті басқарудың арнайы әдістері көмекке келуі мүмкін: релаксация көмегімен психологиялық тұрақты болуды арттыру, тыныс алуды басқару және т.б. Сондай-ақ психологиялық жағдайларға байланысты туындаған сұрақтарға дер кезінде жауап алу. Егер бір нәрсе біздің бақылауымызда болмаса немесе біз білмесек, ондай кезде ұстамдылықты жоғалтып, ойдан құрастыруды шығара бастаймыз. Бұған жол бермеу үшін нақты қойылған сұрақтарға жауап алу қажет", - деп түсіндірді Николай Негай. Егер қажет болып жатса, онлайн түрде мамандардар кеңес алуға болатынын айтты.

Сонымен қатар, Николай Негай, қалалықтарға ДДСҰ ұсынған ережелерді сақтауға шақырды.

"Біріншіден, маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қолды өңдеу. Екіншіден, бұл - тәртіп. Ішкі тәртіп, яғни дұрыс режим күні, дұрыс тамақтану, басқалардың кеңістігін бұзбау үшін физикалық белсенді болу. Жалпы, біз осымен өмір сүріп жатырмыз. Адам ағзасы-тез бейімделетін организм. Сондықтан біз өмір сүру жағдайларының өзгеруіне бейімделіп жатырмыз. Бұны стресс деп қабылдамау керек. Біз не болып жатқанын түсінуіміз керек және соған сай өмір сүру қажет",- деді Николай Негай.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы, психикалық денсаулық саласындағы мамандарымен бірге БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен платформа дайындалды: covid-19.mentalcenter.kz Бұл жерден сіз барлық ақпаратты ала аласыз, сұрақ қойып, стрессті жеңу әдістерін оқып, тегін онлайн кеңес ала аласыз. Бүгінгі таңда 61 маман, 6 республикалық деңгейдегі супервизор қызмет көрсетеді.

Халықты психологиялық және психотерапиялық қолдау ресурстары: https://covid-19.mentalcenter.kz, YouTube арнасы - Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Mentalcenter QAZAQSTAN.

Алматылықтар психологиялық көмекті онлайн түрде тегін ала алады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-сұхбат барысында, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай айтты.

"COVID-19 коронавирусымен ауруды мінез-құлық стереотипінің өзгеруіне әкелетін жағдайларға жатқызуға болады. Қорқыныш пен алаңдаушылық, мазасыздық пен толқу - қауіп пен белгісіздікке толы күрделі өмірлік жағдайлар - мұның бәрі табиғи реакциялар. Бірақ жалпы алғанда, бұл жағдайда эмоционалды жағдайдың өзгеруі - дененің қалыпты бейімделуі және қорғаныс функциясы екенін атап өткен жөн", - деді Николай Негай.

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап 300 онлайн-кеңес өткізілді. Бұл бағытта 61 білікті маман: психологтар, психотерапевтер, психиатрлар жұмыс істейді. Алты бақылаушы қиын жағдайлармен жұмыс істейді. 50-ге жуық білім беру бейнематериалдары Mentalcenter Qazaqstan Youtube-арнасында жарияланды. Сайтты https://covid-19.mentalcenter.kz 30 мыңнан астам адам қолданып, олар 100 мыңнан астам кездесулер жасаған.

Маманның айтуынша, адам өзінің бақылауында емес нәрселерге неғұрлым көп көңіл бөлсе, соғұрлым ол өзін-өзі басқаруды жоғалтады, сезімдері мен эмоцияларын басқаруды тоқтатады.

Көбінесе біздің қоғамда күтілген жағымсыз реакциялар орыналып жатқандығы байқалады: теріске шығару, агрессия, аулақ болу және күдік. Басты мәселе-бұл жағымсыз реакциялар инфекцияның таралуына ықпал етіп, белгілі бір невротикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін.

"Бұл бұзылулар белгілі бір шеңберден шығып, жалпы әлеуметтік қызметті бұзуы мүмкін. Бұған жол бермеу немесе осы құбылыстарды азайту не жою үшін төмендегі ұсыныстар көмектесе алады: адам өзі қолдана алатын, стрессті басқарудың арнайы әдістері (мысалы, релаксация және т. б.).);психологиялық жағдай туралы сұрақтарға уақытылы жауап алу; маманның кеңесі, біздің жағдайымызда - онлайн", - деп атап өтті Николай Негай.

Ол үшін БҰҰ Балалар қорының қолдауымен (ЮНИСЕФ), психикалық денсаулық саласындағы мамандар мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірге платформа дайындады: https://covid-19.mentalcenter.kz барлық ақпаратты қайдан алуға, сұрақ қоюға, стрессті жеңу әдістерін өз бетінше үйренуге және тегін онлайн кеңес алуға болады.

Спикердің ақпараты бойынша жобаға тек денсаулық сақтау мамандары ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік емес сектордың, білімнің, ғылыми ортаның психологтары мен психотерапевттері қатысады. Олардың барлығы қажетті көмек көрсету үшін бірікті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны