11.08.2020, 19:55 5754

Алматылықтарды қаладағы экологияны жақсарту жоспарын бірлесе жасауға шақырады

"Қала тұрғындары әрқашан экологиялық мәселелер бойынша белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді. Сондықтан, біз қаланың экологиясын жақсарту үшін сапалы жоспар құра аламыз деген ойдамыз. Барлық қызығушылық білдірген адамдарды кездесуге қатысуға, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтуға шақырамын", - деді ол.

Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Мырзағалиев алматылықтарды қаладағы экологияны жақсарту жоспарын бірлесе жасауға шақырды.

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматыдағы тұрғындарды қаладағы экологиялық жағдайды бірлесе талқылау және әрекет ету шараларын әзірлеу үшін онлайн-кездесуге қатысуға шақырды.

"Біздің министрлік экологиялық жағдайды талқылау және тұрғындардың пікірін ескере отырып шешімдер әзірлеу үшін қалалар мен аудандардың тұрғындарымен бірнеше онлайн-кездесулерін жалғастыруда. Келесі бейсенбі, 13 тамыз, сағат 11: 00-де Алматыда пікірталас өткізуді жоспарлап отырмыз", - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

"Қала тұрғындары әрқашан экологиялық мәселелер бойынша белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді. Сондықтан, біз қаланың экологиясын жақсарту үшін сапалы жоспар құра аламыз деген ойдамыз. Барлық қызығушылық білдірген адамдарды кездесуге қатысуға, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтуға шақырамын", - деді ол.

Талқылау zoom алаңында өткізіледі. Ал тікелей көрсетілім Экология министрлігінің facebook-тағы парақшасында тікелей эфирде болады.

Қатысамын деушілер байланыс деректері мен электрондық поштасын Алматы Экология департаментінің 87015055505 whatsapp нөміріне немесе 87017932418 нөміріне жібере алады. Конференцияға сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/9043681468 кілт сөз: 2209.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны