11.01.2021, 18:19 15753

Алматының қай мектептері дәстүрлі оқыту форматына оралды

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында 2020-2021 оқу жылының III тоқсанындағы оқу форматы туралы айтып берді.
Алматы. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында 2020-2021 оқу жылының III тоқсанындағы оқу форматы туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2020-2021 оқу жылында қалада жалпы контингенті 287 мыңнан астам оқушыларды құрайтын 276 мектеп жұмыс істейді, оның 207-сі — 270 мыңнан астам оқушыны қамтитын мемлекеттік мектептер, 69-ы — 17 мыңнан астам оқушыны қамтитын жекеменшік мектептер.
 
Балалар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы 205 жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы қашықтықтан басталды.
 

Көлсай мен Сұлусай ықшам аудандарында орналасқан №194 және №197 мектептердің, сондай-ақ 35 жекеменшік мектепте адам санының аз болуына байланысты оқыту тұрақты режимде жүргізілуде", - деді спикер.

 
Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 1-ден 5-ші сыныптарға дейін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етілді.
 

Бүгінгі таңда 1-5 сыныптар үшін: 150 мемлекеттік мектептерде 17 753 бала контингенті бар 1235 кезекші сыныптар бар; қаладағы 34 жекеменшік мектептерде 7020 (68,7%) бала контингенті бар 560 кезекші сыныптар бар", - деп нақтылады ол.

 
Ләззат Жылқыбаева атап өткендей, созылмалы аурулары жоқ балалар кезекші сыныпта оқуға жіберіледі (өтініште көрсетіледі). Балалардың кезекші сыныптарда оқуын таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі. Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
 
Қаланың барлық мектептері 100% санитарлық қауіпсіздіктің дезинфекциялау құралдарымен (тоннельдер, санитайзерлер, тепловизорлар, аяқ киім төсеніштері және т.б.) қамтамасыз етілген.
 

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, Білім басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, 9-шы және 11-ші сыныптардың түлектері үшін оқу жылының 3-тоқсанынан бастап (пәндердің 70%-ы оффлайн режимінде және 30%-ы онлайн режимінде) оқушылар санын 15-тен асырмай аралас оқытуды қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде", - деді ол.

 
2020 жылғы 30 желтоқсанда және ағымдағы жылдың 6 қаңтарында 9 және 11 сыныптарда аралас оқытуға көшу туралы мектеп директорларымен ұйымдастырушылық жиналыстар өткізілді.
 
Орта білім беру ұйымдарының алдын-ала мәліметтері бойынша, бүгінгі күні 184 мектепте:
 
• 16 314 (72%) бала контингенті бар 1205 — 9 сыныптар; 
 
• 8843 (80%) баланы қамтыған 698 — 11 сыныптар;
 
• 9 (10) сыныптардағы арнайы түзету мектеп-интернаттарында: 179 оқушыны қамтитын 15 адамнан 20 сынып комплектісі ашылуда.
 

9, 11 (12) сынып оқушыларының аралас оқыту форматына ауысуы бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындаумен және ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсырумен негізделген", — деді Л. Жылқыбаева. 

 
Оқытуды ұйымдастыру келесідей түрде жүзеге асырылады: Үлгілік оқу жоспарының 70% пәндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тұрақты форматта оқытылатын болады ал, оқу пәндерінің 30% — қашықтықтан оқытылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны