Система Orphus

Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді

08.02.2020, 15:09 2728

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді.

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы халықаралық әуежайында коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша аймақтық штабтың көшпелі отырысы өтті.

Мақсаты - әуежайда жүргізілетін санитарлық-гигиеналық және профилактикалық іс-шараларды бағалау, туристік фирмалардың, туристік будка мен турполицияның жұмысын тексеру.

Санитарлық-гигиеналық режимді күшейту және коронавирусты инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, "№4 Қалалық клиникалық аурухана" ШЖҚ МКК-ның шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша дайындығы, 3h (триаж) жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесінің жұмысы, сондай-ақ коронавирусты инфекцияға күдікті адамдарды анықтау жағдайына ден қою шаралары тексерілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны