16.04.2019, 23:05 18833

Алматының Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Басқарманың жаңа басшысының алдына бірінші кезектегі міндеттер қойылды, олар: тиімді ықпал ету мен азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту арқылы тұрғындардың қоғамдық өтініштеріне дер кезінде үн қату жүйесін жетілдіру, кері байланыстың озық практикасын дамыта отырып, қоғамды кеңінен тарту деңгейін арттыру және консультативті-кеңестік тұғырнаманы жетілдіру.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Әлібек Әлденей Алматының Қоғамдық даму басқармасының басшысы атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлегі.

Түрлі жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да, "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында және басқаларында қызмет атқарған.

2015 жылдан "Алматы" телеарнасын басқарды. Осы уақыт ішінде компания айналымы 3 есе өсті. Телеарна алғаш рет оң қаржылық нәтиже көрсете бастады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша TNS Gallup Media Asia мәліметтеріне сәйкес телеарнаның Алматы бойынша көрермендер аудиториясы 1,5 миллионға жетті, еліміз бойынша - 5,5 млн. адам. Үш жыл ішінде телеарнаның үлесі 375%-ға артты. "Алматы" каналы ел телеарналарының рейтингі бойынша алдыңғы 10-дықтың қатарына енді.

Басқарманың жаңа басшысының алдына бірінші кезектегі міндеттер қойылды, олар: тиімді ықпал ету мен азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту арқылы тұрғындардың қоғамдық өтініштеріне дер кезінде үн қату жүйесін жетілдіру, кері байланыстың озық практикасын дамыта отырып, қоғамды кеңінен тарту деңгейін арттыру және консультативті-кеңестік тұғырнаманы жетілдіру.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны