19.03.2020, 19:26 5326

Алматының шипажайларда демалушылар тұрғылықты мекенжайлары бойынша таратылады

Суық тию белгілері пайда болғанда, ЖРВИ мен тұмаудан күдіктенгенде, құрғақ жөтел мен жалпы әлсіздікке шағымдансаңыз, дереу ауруханадан дәрігіер немесе "жедел жәрдем" шақырту керек. Бұдан өзге, адамдар көп жиналатын жерге бармау, қажетінсіз көшеге шықпау және қоғамдық көлікті пайдаланбаған жөн.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Алматының Бас санитар дәрігері шипажайларда демалушыларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша таратуды бұйырды.

Алматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша өңірлік штабтың шешімімен Алматы қалысының бас Мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушының 17 наурыздағы қаулысымен шипажайлық-курорттық және сауықтыру ұйымдарының басшыларына бұйрық (ұйғарым) берілді.

Хабарламада Алматы қаласының тұрғындары арасында COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралу қаупіне байланысты және Қазақстан Республикасының Президентінің "Төтенше жағдай енгізу" туралы жарлығы аясында шипажайлық-курорттық және сауықтыру ұйымдарының басшылығына барлық демалушыларды тұрақты тұратын жерлеріне тарату керектігі айтылған.

Бүгінде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 18 оқиғасы тіркеліп, зертханалық түрде расталды. Қалада коронавирус жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет - жұқтыру тізбесін үзу. Вирустың қалада таралуын болдырмау және басқа аймақтарға шығармау үшін ағымдағы жылдың 19 наурызынан Алматыда карантин енгізілді. Барлық дем алып жүрген басқа қалалықтарға мегаполис аумағынан кетуге ұсыныс жасалуда.

Жалпы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жеке алдын алу шараларын сақтау қажет:

- қолды жиі жуу және антисептик қолдану. Қолды әр жарты сағат сайын, 20 секун бойы сабыемен жуу қажет. Егер жақын жерде раковина, сабын болмаса, микробтарды өлтіруге әдеттегі антисептик көмектеседі;

- үй-жайларды мүмкіндігінше жиі желдету керек;

- қоғамдық орындарға шығуды шектеу;

- қол алысу және басқа да жақын қарым-қатынас жасамау.

- иммунитетті көтеру;

- Суық тию белгілері пайда болғанда, ЖРВИ мен тұмаудан күдіктенгенде, құрғақ жөтел мен жалпы әлсіздікке шағымдансаңыз, дереу ауруханадан дәрігіер немесе "жедел жәрдем" шақырту керек. Бұдан өзге, адамдар көп жиналатын жерге бармау, қажетінсіз көшеге шықпау және қоғамдық көлікті пайдаланбаған жөн.

Анықтамалар үшін тәулік бойы 1406 нөмірі бойынша call-орталық жұмыс істейді.

Ресми ақпараттар Алматы қаласы әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат жедел түрде Telegram- stopcov Almaty арнасында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны