12.08.2008, 16:58 2637

Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді

Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді

Павлодар. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы Алтай аймағының губернаторы Александр Карлин арнайы мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі өңір әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Террорды ақтайтын ештеңе жоқ. Қарапайым адамдарға қарсы соғыс ашу, қорғансыз балаларға қаратып оқ ату - әлсіздердің, өзінің іс-әрекетінің дұрыстығына сенімі аз әрі көрегендіктен жұрдай басшылардың үлесіндегі іс, оларды тіпті саясаткер деп атауға да тұрмайды. Алтай тұрғындары Оңтүстік Осетия халқына қарсы қолданылған басымшылық әрекетті қатаң айыптайды", - делінген Алтай аймағы губернаторының мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны