03.06.2014, 20:22 3159

Алтай өңіріне ШҚО атынан әлеуметтік көмек жіберіледі

Шығыс Қазақстан облысында Алтай өңірін су басуына орай әлеуметтік көмек жинау жарияланды, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында Алтай өңірін су басуына орай әлеуметтік көмек жинау жарияланды, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Киім-кешек, аяқ киім, балалардың киімі, жеке гигиеналық заттар мен төсек жабдықтарын арнайы бөлімдер қабылдауда. Оның үстіне кәсіпкерлермен бірлесіп қаржы мен азық түлік өнімдерін жинастыру жұмыстары да жүргізілуде. Мәселен, Бородулихинск ауданы көрпе, жастық пен төсек жабдықтарын жинастырып үлгерген.

Сонымен қатар, жақында ғана ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Алтай өңірінің губернаторы Александр Карлинге көңіл айтып арнайы хат жіберді және облыстың атынан арнайы әлеуметтік көмек жөнелтілетінін жеткізген.

"ШҚО тұрғындары және жеке өзімнін атымнан адамдардың қаза табуына орай көңіл айтамын. ШҚО өзінің көршісі және досына қол ұшын созуға дайын. Сіздерге әлеуметтік көмек ретінде арнайы керуенді жібердік", - делінген хатта.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны