04.06.2009, 18:38 3300

Алтай Республикасының астанасында қазақтардың қоғамдық бірлестігі құрылды

Алтай Республикасының астанасында қазақтардың қоғамдық бірлестігі құрылды

Алматы. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алтай Республикасының астанасы - Горно-Алтайск қаласында қазақтардың "Таулы Алтай" атты қоғамдық ұлттық-мәдени бірлестігі құрылды. Бұл туралы Алтай Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі REGNUM ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа ұйым қызметінің басты мақсаты - этномәдени өзіндік ерекшелікті сақтау, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен бірлікті бекіте түсу. Ұйымның жетекшісі болып бітімгер судьялардың қызметін қамтамасыз ету басқармасының бастығы Сергей Майжегішев тағайындалды.

REGNUM мәліметінше, Алтай Республикасының астанасы - Горно-Алтайск қаласында 1,5 мыңнан астам қазақ тұрады. Республикада жалпы 12 мыңдай қазақ бар, олардың басым бөлігі Қош-Агаш ауданын мекен етеді. Қазақтар - Алтай Республикасындағы сан жағынан үшінші орындағы этникалық топ. 2002 жылғы халық санағының мәліметінше, өңірде 207 122 адам тұрады. Олардың арасында орыстардың үлесі - 57,4%, алтайлықтар - 30,6%, қазақтар - 6%.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны