08.07.2018, 23:31 4171

Алтын адам туралы деректі фильмніӊ әлемдік тұсаукесері өтті

Аталған фильмдер "Қасиетті Қазақстан" бағдарламасын іске асыру мақсатында түсірілген. Эксперттердіӊ пікірінше фильмдер Қазақстанныӊ халықаралық аренадағы имиджіне өз үлесін қосады, сонымен қатар еліміздіӊ бай тарихы мен көрікті географиясын танытады.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 7 шілдесі күні "Хабар", BBC және EURONEWS телеарналарында "Алтын жауынгер" атты жаӊа деректі фильмніӊ телевизиялық тұсаукесері өтті. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы мен "BBC WorldNews" телеарнасы түсірген.

- "Қазақфильм" былтыр жиырмадан астам ғылыми-танымал деректі фильмдер түсірген. Олардыӊ қатарында "Алтын жауынгер" және "Қожа Ахмет Ясауи мен Айша бибі кесенелері" атты фильмдер бар. Аталған фильмдердіӊ өндірісіне отандық және 451 млн. көрермені бар шетелдік беделді "BBC WorldNews" телеарнасыныӊ мамандары тартылған. Бұл фильмдер қазақстандық және шетелдік телеарналарда көрсетілетін болады, - деді "Қазақфильм" киностудиясыныӊ бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов.

Фильмдердіӊ түсірілімдері үстіміздегі жылдыӊ қыркүйек айында "Қазақфильм" киностудиясыныӊ территориясында және Есік, Үшқоӊыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен. Фильмге Оӊдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар түскен.

Аталған фильмдер "Қасиетті Қазақстан" бағдарламасын іске асыру мақсатында түсірілген. Эксперттердіӊ пікірінше фильмдер Қазақстанныӊ халықаралық аренадағы имиджіне өз үлесін қосады, сонымен қатар еліміздіӊ бай тарихы мен көрікті географиясын танытады.

Аннотация: Айша бибі және Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.

Илемде монументтердіӊ тұрғызылу тарихы ұмыт қалып жатады. Кейде туристерге немесе саяхатшыға монументтіӊ өзінен оныӊ тұрғызылу тарихы қызықтырақ болады. Оныӊ мәдени және тарихи ескерткіш ретіндегі алатын орны туралы да ақпарат алғысы келеді. Қазақ халқы кесенелердіӊ бой көтеру тарихын сақтап келеді. Соныӊ арқасында бұл археологиялық ескерткіштер ұлттыӊ шын мәнісіндегі құндылығына айналады.

Аннотация: Алтын жауынгер.

Алтын адам мен қазақ халқыныӊ бір аӊызында ұшырасатын - жас жауынгер Алтын-Айдарда ұқсастық бар. Бұл фильмде режиссердіӊ концепциясы бойынша Алтын адам мен аӊыздағы Айдардыӊ бейнелері бір өріледі.

Түсірілім тобы:

Режиссері: Дарья Чернова (Лондон)

Қоюшы операторы: Денис Аларкон-Рамирес (Мәскеу)

Қоюшы суретшісі: Бөпеш Жандаев

Костюм жөніндегі суретші: Елена Рубанова

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны