08.09.2011, 10:16 4271

Алтын жерге ғарыштан келген

Бристоль университеті ғалымдарының пайымдауынша, адам баласына қолжетімді барлық алтын мен басқа да бағалы металлдардың қоры Жерге ғарыштан түскен.

Алматы. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алтын жерге ғарыштан келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бристоль университеті ғалымдарының пайымдауынша, адам баласына қолжетімді барлық алтын мен басқа да бағалы металлдардың қоры Жерге ғарыштан түскен.

Жас мөлшері 4 млрд жылдан асатын Гренландия тауларына зерттеу жүргізген олар осы жыныстардың құрамына енетін микроэлементтердің Жер шарында бұдан бұрынырақ түзілген бөлшектерден біраз айырмашылығы бар екенін анықтады, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл адам пайдаланатын қымбат металлдардың жерден тыс пайда болу теориясын дәлелдей түседі.

Осы теорияға сәйкес, Жер шарына 200 млн жыл толған уақытта оған үлкен метеорит соқтығысып, ауыр металлдарды ғаламшар бетіне "жайып" жіберген.

Ал геофизикалық үдеріс нәтижесінде түзілген алтын мен басқа да химиялық элементтерге келетін болсақ, сол кезеңде олар жер ядросы орталығында сұйық күйінде болған, деп болжайды ғалымдар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны