01.08.2018, 07:32 4860

"Алтынемел" деректі фильмі Қытайда жүлдеге ие болды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Алтынемел" деректі фильмі ҚХР-ныӊ Тайчжоу қаласында өткен Кино және туризм саласындағы азиялық өнер апталығында "Шетелдіӊ үздік деректі фильмі" жүлдесімен марапатталды.

Алматы. 1 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Алтынемел" деректі фильмі ҚХР-ныӊ Тайчжоу қаласында өткен Кино және туризм саласындағы азиялық өнер апталығында "Шетелдіӊ үздік деректі фильмі" жүлдесімен марапатталды.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағыныӊ бай табиғаты туралы баяндайтын деректі фильмніӊ авторы танымал фотограф-натуралист Олег Белялов.

Айта кетсек, "Алтынемел" деректі фильмі режиссердіӊ алғашқы жұмысы. Сондай-ақ Олег Белялов бұл картинаныӊ сценарий авторы және қоюшы операторы.

Естеріӊізге сала кетсек, былтыр қараша айында "Қазақфильм" киностудиясы ҚР Тұӊғыш Президенті-Елбасы қорымен бірлесіп, Қазақ деректі киносыныӊ күндері аясында "Алтынемел" деректі фильмніӊ көрсетілімі өткен болатын.

Кино және туризм саласындағы азиялық өнер апталығыныӊ ұйымдастырушылары: Қытайдыӊ телевизиялық суретшілер қауымдастығы, Чжэцзян баспа, радио, кино және телевизия әкімшілігі және Тайчжоу үкіметі. Мәдени іс-шара Азия елдерінде туризмніӊ және кинематография саласыныӊ дамуына бағытталған. Биыл аталған шараға Франция, Ресей, Қазақстан және Жапония сынды 23 мемлекеттерден мыӊнан астам кино және телебағдарламалар қатысқан.

"Алтынемел"

Алтынемел ұлттық табиғи саябағыныӊ ерекшелігі неде? Құрылғалы бері 20 жылдыӊ ішінде не өзгерді? Туристер бұл аймаққа нені көру үшін баруы тиіс? Табиғаты бай Алтынемел саябағын заманауи техниканыӊ көмегімен түсірілген әдемі фильмді тамашалай аласыз.

Алтынемел - Жетісу Алатауыныӊ оӊтүстік сілемдерініӊ арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ. Жер көлемі - 520 мыӊ гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардыӊ тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аӊшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.

Режиссер туралы анықтама:

Олег Белялов 1960 жылы 23 тамызда Алма-Ата қаласында дүниеге келген. Алғашқы фотосуреттерін 1970 жылы "Смена-7" фотоаппаратымен түсірген. Сол жылдары жабайы табиғатты, құстарды түсіруге әуестене бастады. 1984-1987 жылдар аралығында "Қазақфильм" киностудиясында оператордыӊ көмекшісі ретінде жұмыс атқарды. Сондай-ақ көптеген зоологиялық экспедицияларға, Қазақстан табиғаты туралы фильмдердіӊ және фотоальбомдардыӊ жасалуына белсене қатысты.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны