21.04.2016, 11:59 3960

Алтынтас

Қазақ-Ресей шекарасында орналасқан "Обаған-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды осы жылдыӊ 20-сәуір күні алтын құрамдас тасты контрабандалық жолмен алып өтпек болған 49 жастағы Александр есімді Қазақстан азаматын ұстады

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақ-Ресей шекарасында орналасқан "Обаған-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды осы жылдыӊ 20-сәуір күні алтын құрамдас тасты контрабандалық жолмен алып өтпек болған 49 жастағы Александр есімді Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған алтынтас жерлесіміздіӊ "Лексус 470" автокөлігін шекаралық бақылаудан өткізу кезінде жүксалғышынан табылды. Скотчпен оралған құнды тастыӊ салмағы 300 грамм болып шықты. Алдын ала тергеу кезінде ол заттыӊ 50 жастағы Владислав есімді Ресей Федерациясыныӊ азаматына тиесілі екендігі анықталды. Азаматтық іс жүріп жатуына байланысты Владиславтыӊ Қазақстан аумағынан шығуға болмайтындығы анықталды. Сол себепті ол алтынтасты досыныӊ көмегімен шекара асырмақ болғандығы анықталды.

Аталған іс бойынша деректер Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны