29.12.2019, 16:21 4295

"Amanat" сақтандыру компаниясы апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының жолаушылары бойынша төлем жүргізеді

"Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, денсаулығына зақым келген жолаушылар емделуге кеткен шығын көлемінде, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін төлем алады. Апаттан мүгедікке ұшыраған жолаушылар болса, оларға мүгедектік тобына байланысты 2 500-5 000 айлық есептік көрсеткіш аралығында төлем рәсімделеді. Қаза тапқан жолаушылар үшін 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем қарастырылған", - деді Ерғали Бегімбетов.

Алматы. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Amanat" сақтандыру компаниясы апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының жолаушылары бойынша төлем жүргізеді.

"Amanat" сақтандыру компанисы" АҚ - 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы облысында апатқа ұшыраған "БЕК ЭЙР" АҚ-на тиесілі Fokker 100 ұшағының сақтандырушысы. Бұл көлік құралы тасымалдаушының жолаушы алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша сақтандырылған,- деп хабарлайды "Amanat" баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңына сәйкес, сақтандыру төлемдерін денсаулығына зақым келген жолаушылар, сондай-ақ қаза болған жолаушылардың асырауында болған азаматтар алады.

"Amanat" сақтандыру компаниясы қайтыс болған жолаушылардың туғандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз төлем жүргізу процестерінің барынша жылдам және жеңіл жүргенін қамтамасыз үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Amanat келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерінің бәрін орындайды", - деп мәлімдеді "Amanat" сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов.

Ұйым басшысының айтуынша, "БЕК ЭЙР" АҚ және зардап шеккен тұлғалар заң бойынша тиісті құжаттардың бәрін тапсырған соң жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемдері аударылатын болады.

"Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, денсаулығына зақым келген жолаушылар емделуге кеткен шығын көлемінде, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін төлем алады. Апаттан мүгедікке ұшыраған жолаушылар болса, оларға мүгедектік тобына байланысты 2 500-5 000 айлық есептік көрсеткіш аралығында төлем рәсімделеді. Қаза тапқан жолаушылар үшін 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем қарастырылған", - деді Ерғали Бегімбетов.

Ол сондай-ақ жерлеу рәсімдеріне кететін шығын бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат қарастырылғанын айтты. Айлық есептік көрсеткіш сақтандыру төлемі жүргізілетін күндегі көлемі бойынша алынады.

Қосымша сұрақтар бойынша толық кеңесті 7310 бірыңғай нөмірі бойынша алуға болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны