09.01.2017, 11:34 4102

"Аманат" және "Құнанбай" фильмдері Болгариядағы халықаралық кинофестивальде көрсетіледі

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстан және Орта Азия елдерінен шыққан алғашқы тарихшы, көрнекті ғалым Ермұхан Бекмаханов туралы "Аманат" тарихи лентасы прокатқа өткен жылдыӊ мамырында шыққан.

Алматы. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Аманат" және "Құнанбай" фильмдері 2017 жылдыӊ қаӊтар айыныӊ 12 мен 29 аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін 9-шы Халықаралық MENAR кинофестивалініӊ "Фокус" бағдарламасы аясында көрсетілетін болады,- деп хабарлайды киностудияныӊ баспасөз қызметі.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстан және Орта Азия елдерінен шыққан алғашқы тарихшы, көрнекті ғалым Ермұхан Бекмаханов туралы "Аманат" тарихи лентасы прокатқа өткен жылдыӊ мамырында шыққан. Режиссері әрі сценариін жазған - Сатыбалды Нарымбетов ("Балалық шағымныӊ Дон Кихоты" (1978 ж.), "Көзімніӊ қарасы" (1994 ж.), "Қызжылаған" (2002 ж.), "Мұстафа Шоқай" (2008 ж.). Аталмыш картина "Оскар" премиясыныӊ "Еӊ үздік шет тілдегі фильм" таӊдалымына ұсынылған.

Досхан Жолжақсыновтыӊ ұлы ойшыл Абайдыӊ әкесі Құнанбай өмірі жайлы баяндайтын "Құнанбай" атты көркем фильмі еліміз бойынша прокатқа 2015 жылы шыққан. Былтыр алғашқы ұлттық "Тұлпар" кинопремиясында фильмніӊ авторлары үздік атанды. Атап айтсақ, басты рөлді сомдаған - Досхан Жолжақсынов "Үздік ер адам рөлі үшін" номинацияда жеӊіске жетіп, Рустам Одинаев "Үздік қоюшы суретші" және Төлеген Мұхамеджанов "Үздік композитор" атанды. Сондай-ақ, картина үздік сценарий премиясын да жеӊіп алды. Сценарий авторлары Таласбек Исемқұлов және Досхан Жолжақсынов.

Сонымен қатар, 2016 жылдыӊ қыркүйегінде фильм XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалініӊ конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, Уфада өткен III халықаралық ұлттық және этникалық кино "Күміс Ақбозат" фестивалінде Имір Ибдіразақов атындағы "Ұлттық рух" жүлдесін иеленген.

ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаӊында Елбасы 2016 жылдыӊ әдебиет пен өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықты үлестірді. Жарлыққа сәйкес премия сценарий авторларыныӊ бірі, режиссер - Қазақстанныӊ халық артисі Досхан Жолжақсыновқа, қоюшы суретші - Рустам Одинаевқа, сонымен қатар актерлер - Нурсифат Салықоваға және Айдос Бектемірге берілді.

Софиядағы MENAR халықаралық кинофестивалі Балқан түбегіндегі еӊ ірі мәдени оқиғалардыӊ бірі болып саналады. Фестиваль жыл сайын көрермен қауымды мұсылман әлемініӊ дәстүрі мен мәдениетін паш ететін фильмдермен таныстырады. Фестивальдіӊ бағдарламасы аясында Қиыр шығыста, Орта Азия елдері және Солтүстік Африкада түсірілген үздік көркем, деректі және қысқаметрлі фильмдер де көрсетіледі.

Қазақстандық картиналар 14 қаӊтар күні "Евро синема" кинотеатрында ағылшын тіліндегі субтитрлармен көрсетілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны