28.08.2017, 17:59 6355

Амандық Баталов Алматы облысыныӊ Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы жаӊадан салынған 1200 орындық мектептіӊ "Білім кілтін" салтанатты табыстау рәсіміне қатысты

Кеше облыс әкімі Амандық Баталов Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы жаӊадан салынған 1200 орындық мектептіӊ "Білім кілтін" салтанатты табыстау рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Кеше облыс әкімі Амандық Баталов Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы жаӊадан салынған 1200 орындық мектептіӊ "Білім кілтін" салтанатты табыстау рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өзініӊ құттықтау сөзінде өӊір басшысы Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ салиқалы саясатыныӊ арқасында және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудыӊ нәтижесінде биылғы жылдыӊ өзінде облыста 49 000 бүлдіршінніӊ 1 сыныпқа барғалы отырғандығын қуана хабарлады. Облыс әкімі оқушылардыӊ сабақтарын жақсы оқып, ұстаздарынан өмірлік тәлім-тәрбие алып, білім нәрімен сусындап, еліміздіӊ болашағына сүбелі үлесін қосар саналы азамат болып өсетіндіктеріне сенім білдіретіндігін жеткізді.

Осыдан кейін жаӊа ғимараттыӊ лентасы салтанатты түрде қиылып, облыс әкімі бастаған бір топ қонақтар мектептіӊ ішкі құрылымымен танысып, құрылыс сапасын тексеріп шықты.

Естеріӊізге салар болсақ, мектеп құрылысын "Риголит" ЖШС жүргізді. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдыӊ тамызында басталып, 2017 жылдыӊ тамызында толығымен аяқталды. Ғимаратта барлық материалдық-техникалық базамен қамтылған 60 оқу кабинеті, соныӊ ішінде арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 химия, 2 физика, 2 биология, 2 ЛМК, 4 информатика кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 кітапхана, 2 технология кабинеті, 2 спорт залы мен 230 орындық асханасы да бар.

Бүгінгі күні оқушылар саны - 850. Оқушылар 100 % оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылы Алматы облысыныӊ білім беру саласыныӊ бюджеті 153,7 млрд. теӊгені құрады. Оныӊ ішінде білім беру нысандарыныӊ құрылысына 27 млрд. теӊгеден астам қаражат қарастырылған. Өӊірде 48 білім беру нысаныныӊ құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соӊына дейін 44 мектептіӊ 35-і пайдалануға беріледі. Білім күнінде 24 жаӊа мектеп өзініӊ алғашқы оқушыларына есігін ашпақ. Осы мектептердіӊ 23-і үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін болады. Ал 2018 жылы тағы 10 мектеп салу арқылы үш ауысымда оқыту мәселесі толықтай шешілмек. Сонымен қатар, биылғы жылы 24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны