24.07.2018, 16:47 4938

Амандық Баталов Қазақстан-Жапония бірлескен жобасы "Барымташылар" кинофильмініӊ түсіру тобымен кездесті

Қазақстанда болған оқиғаныӊ негізінде сценарийі жазылған фильмніӊ басты рөлдерінде Канн фестивалінде еӊ үздік әйел рөлі сыйлығын жеӊіп алған актриса Самал Еслямова, Дулыға Ақмолда және белгілі жапондық актер Мирай Морияма ойнайды.

Талдықорған. 24 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қазақстан-Жапония бірлескен жобасы "Барымташылар" кинофильмініӊ түсіру тобымен кездесті. Фильмніӊ біраз картиналарын Алматы облысыныӊ аумағында түсіру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстанда болған оқиғаныӊ негізінде сценарийі жазылған фильмніӊ басты рөлдерінде Канн фестивалінде еӊ үздік әйел рөлі сыйлығын жеӊіп алған актриса Самал Еслямова, Дулыға Ақмолда және белгілі жапондық актер Мирай Морияма ойнайды.

Жобаныӊ бас менеджері Қарлыға Сейсенованыӊ айтуынша,түсіруші топ Алматы облысыныӊ бірқатар өӊірлерін аралап қайтқан. Соныӊ ішінде Райымбек ауданыныӊ табиғаты киногерлерге ерекше ұнап, енді фильмніӊ біраз бөлігін осы аймақта түсірсек деген ойлары бар. Сонымен қатар Жетісу өӊірінде кино түсіру оныӊ туристік әлеуетін насихаттауға жақсы мүмкіндік болар еді деп есептейді. Себебі бұл фильм халықаралық кинофестивальдарға ұсынылатын және басты рөлді сомдайтын актерлердіӊ танымалдығы жағынан киносүйер қауымныӊ қызығушылығын туғызатын, көрілімі көп фильм болмақ.

Жапондық танымал продюсер, Tokyo Filmex кинфестивалініӊ негізін қалаушы Сёдзо Ичияма фильмге қаржылық демеушілік жасап отыр. Фильм тамыз-қыркүйек айларында түсіріле бастап, шамамен бір жарым айда толық аяқталады деп күтілуде.

Түсіру тобы өкілдерін тыӊдаған облыс әкімі Амандық Баталов картинаныӊ облыс аумағында түсірілуіне қолдау білдіретінін айтты. Бұған дейін де облыс аумағында "Томирис" және басқа да танымал кинофильмдер түсірілгенін атап өтті.Сонымен қатар BBC телеарнасымен бірлесіп Жетісу табиғатыныӊ көркемдігін паш ететін ролик дайындалып, роликтіӊ көрілімі жағынан шетелдіктер арасында да үлкен қызығушылық туғызғанын тілге тиек етті. Бүгінгі кездесуде шығармашылық топтыӊ өӊірдіӊ туристік тартымдылығын насихаттау туралы ұсынысын қандай формада, қандай мазмұнда жүзеге асыру керектігін нақтылап, идеяны ширату керектігін жеткізді. Қос тарап өзара әріптестік байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны