07.02.2013, 12:38 3075

American Airlines және US Airways бірігу туралы келіссөздерін аяқтауға жақын

Нәтижесінде әлемдегі ірі әуе тасымалдаушы құрылмақ, деп хабарлауда The Wall Street Journal.

Астана. 7-ақпан. Kazakhstan Today - Америкалық American Airlines және US Airways Group Inc. әуе компаниялары бірігу жөніндегі мәміленің соңғы негізгі тұстары бойынша келісіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нәтижесінде әлемдегі ірі әуе тасымалдаушы құрылмақ, деп хабарлауда The Wall Street Journal.

Изірге біріккен компанияның құрылымы, директорлар кеңесі мен басшылығының құрамы туралы мәміле түпкілікті келісілген жоқ.

Талқыланып отырған схемаға орай жаңа компанияда American несиегерлері 72% акцияға ие болмақ, US Airways - 28%. Мәміле шеңберінде банкрот үрдісінен шығару үшін American қайта құрылмақ.

Мәміле ойдағыдай іске асса, біріккен әуе компаниясының капиталдандырылуы 10 млрд доллардан асатын болады, бұл саланың қазіргі көшбасшысы United Continental Holdings Inc.-тің нарықтық құнынан жоғары болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны