01.08.2018, 07:28 5100

American Space & Makerspace Almaty кеӊістігінде қыздарға арналған Girls in STEM Summer Camp атты тегін жазғы лагері өтті

STEM - Science (жаратылыстану ғылымдары), Technology (технология), Engineering (инженерия) және Maths (математика) деген ұғымдарды білдіреді.

Алматы. 1 тамыз. Kazakhstan Today - 26 маусым мен 31 шілде аралығында Алматыдағы АҚШ бас консулдығы мен SmArt.Point креативті кеӊістіктіӊ бірлескен жобасы, American Space & Makerspace Almaty кеӊістігінде "Шеврон" компаниясыныӊ қолдауымен 15 жастан 18 жасқа дейін қыздарға арналған Girls in STEM Summer Camp атты тегін жазғы лагері өтті. Бұл лагері Makerspace Almaty орталығында "Шеврон" компаниясыныӊ қолдауымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі және "Шеврон" компаниясы жоғары технологиялар, ғылым және математика салаларындағы әйелдерді белсенді түрде қолдайды және көтермелейді.

Girls in STEM Summer Camp лагерініӊ идеясыныӊ туындауына 2017 жылы қазақстандық мектептіӊ қыз оқушыларыныӊ Technovation Challenge жарысындағы гран-при жеӊіп алуы да себеп болған. Technovation Challenge - қыздар арасында өтетін технологиялар саласындағы халықаралық жарыс.

Girls in STEM Summer Camp жазғы лагеріне қатысушыларды іріктеу конкурстық негізінде өтті. Қатысушылар 2 минуттық видеоны тапсыру керек болды. Онда олардыӊ көзқарасы бойынша адамзат тарихындағы еӊ маӊызды өнертабысын атап, сондай-ақ қазіргі әлемде қандай өзгерістерді еӊгізуге құштар және лагерьдіӊ оларға қандай мүмкіндік бере алатынын айтып беру керек болды. Конкурс нәтижесінде 15 қатысушылар іріктеліп алынды және олардыӊ арасында Екібастұз, Қызылорда, Шымкент қалаларыныӊ тұрғындары да болған.

"Мен әрдайым ғылым мен бағдарламалауға жақын болғанмын", - деп бөліседі Аскарбекқызы Наргиз, Назарбаев зияткерлік мектебініӊ оқушысы. "Алайда, мен тек мектеп білімімен шектелген едім. Бірақ лагерь бұл шектеулерден тыс шығуға маған қатты көмектесті. Мен бір нәрсені сеніммен айта аламын: "лагерьге дейінгі және кейінгі Мен - дағдылар бойынша мүлдем әр түрлі адам. Меніӊ ойымша, мен болашақта немен айналысқым келетінімді өзім үшін анықтадым".

Қыздарға арналған жазғы лагерьдіӊ бағдарламасына STEM - ғылымдағы келешек әйелдердіӊ ұрпақтарына мүмкіндіктерді кеӊейтетін технология, ғылыми тәжірибелер, робототехника, бағдарламалау, дизайн негіздері, кәсіпкерлік және әлеуметтік белсенділік салалары негіз болды.

Үш апта аралығында қатысушыларға бағдарламалау бойынша, Arduinoробототехника, қосымшаларды әзірлеу, сондай-ақ 3D баспа мен модельдеу бойынша мастер-класс, радиобөлшектерді дәнекерлеу мастер-классы, медитация және феминизмге арналған сессиялар және дизайн бойынша дәрістер өткізілді.

Лагерь бағдарламасы бойынша Danone компаниясыныӊ зауытына сапар ұйымдастырылды. Зауытта қыздар сүт өнімдерін жасау процесімен танысып, барлық өндіріс технологиясын біліп алып, өндіріс процесінде қатысатын мамандықтарымен танысып, сондай-ақ бірінші жаӊа сусыныныӊ дәмін тәтті. Сондай-ақ, қатысушылар обсерваторияға серуендеп, тауда ұйымдастырылған сенбіліктерге және пикниктерге қатысқан.

Сабақтардыӊ екі апта басталғанынан кейін қыздар топтарға бөлініп, STEM лагерініӊ шеӊберінде жобаларды іске асыру мақсатымен түрлі тақырыптарды таӊдады (медицина, ақылды үй, гидропоника, қалдықтарды қайта өӊдеу және фармакология тақырыптары). 2018 жылы 31 шілде күні қыздар SmArt.Pointкреативті кеӊістікте орналасқан American Space & Makerspace Almaty-да өздерініӊ прототиптерін және жобалардыӊ тұсаукесерін өткізді.

STEM - Science (жаратылыстану ғылымдары), Technology (технология), Engineering (инженерия) және Maths (математика) деген ұғымдарды білдіреді.

American Space Almaty - ынтымақтастық және өзін-өзі тану арқылы Америка Құрама Штаттары туралы біле алатын кеӊістік. Кез келген адам мәдени бағдарламаларға, дискуссиялық клубтарда, білім беру және кәсіптік даму бойынша семинарларға тегін қатысуға мүмкіндіктері бар.

Maker Space Almaty - 3D-баспа және робототехника мен бағдарламалау және веб-әзірлеуге дейінгі инновациялық технологиялар орталығы болып табылады. Ол Американдық кеӊістіктіӊ шеӊберінде жұмыс атқарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны