15.10.2018, 14:28 4731

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан мәдени мұраны сақтау туралы меморандумға қол қойды

Америка Құрама Штаттарыныӊ шетелдегі Американдық мұраны сақтау жөніндегі Комиссиясыныӊ төрағасы Пол Пакер және Қазақстан Республикасыныӊ мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы мәдени мұраны сақтау туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Америка Құрама Штаттарыныӊ шетелдегі Американдық мұраны сақтау жөніндегі Комиссиясыныӊ төрағасы Пол Пакер және Қазақстан Республикасыныӊ мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы мәдени мұраны сақтау туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум Америка Құрама Штаттарыныӊ және Қазақстанныӊ аумағында тұратын немесе өмір сүрген барлық ұлттық, діни және этникалық топтардыӊ, сонымен қатар Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі геноцид құрбандарыныӊ мұраларын сақтау бойынша бірлесе атқарылатын істіӊ бастамасы болмақ.

Бұл меморандум мәдени мұраны сақтау саласындағы ынтымақтастықтыӊ негізі болады және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтады. Паркер мырза: "Болашақ ұрпақтарымыз үшін мұраны және оны сақтаудыӊ маӊыздылығын түсіну қабілетін сақтауды көздеген ортақ ұмтылысымызда бірлесе аламыз деп сенемін",-деп, құжатқа қол қойды.

Америка Құрама Штаттарыныӊ шетелдегі Американдық мұраны сақтау жөніндегі Комиссиясыныӊ төрағасы Пол Пакер алғаш рет Қазақстанға Астанада өтіп жатқан Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ алтыншы съезіне қатысу үшін келді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны