21.09.2007, 12:33 1434

Американдық балалар Семейдің онкологиялық орталығы үшін қайыр-зекет жинады

Американдық балалар Семейдің онкологиялық орталығы үшін қайыр-зекет жинады.

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" Американдық Алабама штатының балалары Семейдің онкологиялық орталығының емделушілері үшін қайыр-зекет жинады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18-қыркүйекте Вашингтонда Алабама штатының конгресмені Джо Боннер Қазақстанның АҚШ елшісі Ерлан Ыдырысовқа Алабама штатының Дожд қаласының бастауыш мектебінің оқушыларының атынан 2400 АҚШ доллары көлемінде чек берген.

"Конгрессмен, алыстағы Қазақстандағы өздерінің науқас құрдастарына көмектесу идеясы американдық балалар Интернеттен кеңес кезінде Семей полигоны аумағында жүргізілген ядролық сынақтар туралы және оның қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін қорқынышты салдары туралы білгенде келген",- деді сыртқы саясат мекемесінің баспасөз қызметіндегілер.

Сыртқы істер министрігінің хабарламасында атап өткендей, "оқушылар мұғалімдерінен Семейдің онкологиялық орталық үшін қаржы жинауға бағытталған "Монеты против рака" шарасын ұйымдастыруға көмектесуді сұраған". "Американдық балалар мектептегі таңғы астан үнемдеген ақшаларын, жинағыштарындағы барлық ақшаларын, сондай-ақ арнайы мектепте ұйымдастырылған балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырудан түскен қаржыны жинаған, оған қатысу үшін 1 АҚШ долларын салу қажет болған",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Қазақстанның елшісі Дж. Боннер арқылы Семейдің науқас балаларына өздерінің қолдауларын осылай білдірген бүкіл американдық балаларға рақмет айтты. Ол бұл мейірбандық шараның маңыздылығын атап көрсете отырып, Қазақстанның жаңа достарымен кездесу үшін Алабама штабына міндетті түрде баратындығын айтты",- деп түйіндеді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны