30.10.2018, 18:32 15642

"Иміре" фильмі Голливуд кинофестивалініӊ бас жүлдесіне ие болды

Қазақтыӊ тенор дауысты біртуар әншіcі Иміре Қашаубаевтыӊ ғұмырын баяндайтын фильмді Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген.

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - Қазан айыныӊ 23-і мен 28-і аралығында Лос-Анджелес қаласында өткен Hollywood Film Festival кинофестивалініӊ халықаралық байқауыныӊ ақтық сайысында "Иміре" фильмі Best Global Hollywood Film жүлдесін жеӊіп алды. Қазақтыӊ тенор дауысты біртуар әншіcі Иміре Қашаубаевтыӊ ғұмырын баяндайтын фильмді Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген.

Айта кетсек, фестивальдіӊ алғашқы кезеӊінде Silver Screen Award жүлдесіне үміткерлер қатарына байқауға қатысатын әр елдіӊ бірнеше фильмдері ұсынылған болатын. Бұл кезеӊде Қазақстан атынан алты бірдей кинотуынды - үш толықметражды және үш қысқаметражды фильмдер қарастырылған. "Иміре" картинасымен қатар Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған үш фильм бақ сынады, олар: толықметражды фильмдер байқауында Төлеген Байтөкеновтыӊ "Саташ" фильмі және Елжас Рақымбековтыӊ "Эль Фриман" картинасы, ал қысқаметражды фильмдер бөліміне Берік Жахановтыӊ "Асан" фильмі қатысты. Бұл фестивальде "Иміре" фильмін режиссер Джефф Веспа таныстырды.

"Фестивальдіӊ қатысушылары өз фильмдерімен мақтана алады, өйткені 2018 жылдыӊ фильмдері жоғарғы дәрежеде түсірілген", - деді Hollywood Film Festival президенті Брэд Паркс.

"Осы жылдыӊ конкурсында сапалы әрі керемет туындылар көрсетілгені туралы ерекше атап өткім келеді. Фестивальдіӊ бас жүлдесіне қол жеткізіп, қазылар алқасыныӊ құрметіне ие болу - үлкен жетістік", - деді фестивальдіӊ бағдарламалар директоры Хольгер Карлссон.

Анықтамалық ақпарат:

"Иміре"

Ұзақтығы: 88 минут

Өндірісі: "Қазақфильм" АҚ, "Dar Play" компаниясы

Бас Продюсері: Илидар Өтемұратов.

Режиссері: Джеф Веспа (АҚШ).

Операторы: Максим Осадчий (Ресей).

Сценарий авторы: Бенжамин А. ванн дер Вин (АҚШ).

Кеӊесші: Жарқын Шәкәрім, (ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері, Иміре Қашаубаевтыӊ өмірі мен шығармашылығана арналған еӊбектердіӊ авторы).

Актерлер:

Эбби Корниш - Ли Эббот

Санжар Мәдиев - Иміре

Еркебұлан Дайыров - Мұстафа Шоқай.

Бен Олдридж - Джордж Гершвин

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны