07.04.2018, 13:30 4515

Иміре Қашаубаевтыӊ 130 жылдық мерейтойына арналған "Ин әлемініӊ жарық жұлдызы" атты әдеби-музыкалық кеш өтті

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында қазақ халқыныӊ дүлдүл әншісі Иміре Қашаубаевтыӊ 130 жылдық мерейтойына арналған "Ин әлемініӊ жарық жұлдызы" атты әдеби-музыкалық кеш өтті

Өскемен. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 5 сәуір күні, Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы кітапханада "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында қазақ халқыныӊ дүлдүл әншісі Иміре Қашаубаевтыӊ 130 жылдық мерейтойына арналған "Ин әлемініӊ жарық жұлдызы" атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешті қаладағы "Жұлдыз"өнер мектебініӊ маманы Қуаныш Еркін жүргізді. Іс-шараға өнер сүйер қауым, студенттер мен мәдениет қызметкерлері, жерлес ақын-жазушылар, мұғалімдер келді.

Музыкалық кештіӊ негізгі қонақтары Шығыс Қазақстан облыстық Иміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясыныӊ әншілері. Халықаралық және республикалық байқаулардыӊ жүлдегерлері Берік Омаров пен Мейрамбек Ахметов, қаламыздағы Ертіс концерт мекемесініӊ әншілері Иділ Тұрғанбаев, Қуаныш Оралбаев, Абаш Кәкеновтер көрермен қауымға Иміре Қашаубаевтыӊ репертуарынан әндер ұсынды.

Басқосуда 130 жылдық тойыныӊ алдында кітапхана қорына келіп түскен Жарқын Шәкәрімніӊ жуықта жарық көрген "Амре в Париже: Историко-биографический очерк о трагической судьбе выдающегося казахского тенора Амре Кашаубаева" туындысы қонақтарға таныстырылып, қонақтарға кітап авторыныӊ бейне жолдауы ұсынылды. Сондай-ақ қонақтар әншініӊ өнері мен шығармашылығы туралы кітап көрмесімен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны