03.07.2015, 10:06 3218

"Ана" ескерткіш күміс монетасы "Монета жұлдыздары - 2015" конкурсында жүлде жеӊіп алды

ҚР Ұлттық Банкініӊ номиналы 500 теӊгелік "Ана" ескерткіш күміс монетасы Ресейдегі жалғыз "Монета жұлдыздары - 2015" ескерткіш монеталар конкурсында "Жыл монетасы" номинациясында жеӊіске жетті.

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық Банкініӊ номиналы 500 теӊгелік "Ана" ескерткіш күміс монетасы Ресейдегі жалғыз "Монета жұлдыздары - 2015" ескерткіш монеталар конкурсында "Жыл монетасы" номинациясында жеӊіске жетті. Бұл номинациядағы жеӊімпаздардыӊ бірі: Галилео Галилейдіӊ туғанына 450 жыл толуына арналған Санкт-Петербург монета сарайыныӊ монетасы және Париж монета сарайыныӊ "Баккара" монетасы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ана" монетасыныӊ бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ішіне ою-өрнек салынған жүректіӊ стильдендірілген бейнесі, монетаныӊ номиналын білдіретін "500 ТЕӉГЕ" деген жазба, монета дайындалған металды, оныӊ сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g" деген жазба және Қазақстан теӊге сарайыныӊ тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күӊгірт жиек жүргізілген, оныӊ үстінде мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар.

Монетаныӊ сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте күӊгірт бетінде мейірімін сыйлаған стильдендірілген күнніӊ алтындатылған бейнесініӊ аясында ана мен баланыӊ бейнесі, мемлекеттік тілде "АНА", орыс тілінде "МАМА" деген жазба және соғылған жылын білдіретін "2014" деген сан орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ", орыс тілінде "ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ" және ағылшын тілінде "FROM HEART TO HEART" деп жазылған.

Монеталардыӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерлі.

Конкурсқа әлемніӊ 29 елініӊ өкілдері қатысқанын, өтінімдер 46 қатысушыдан түскенін атап өтеміз, олардыӊ ішінде орталық банктер, монета сарайлары, монеталардыӊ дистрибьютор компаниялары және т.б. бар. Барлығы 2014 жыл бойы шығарылған 240-тан астам ескерткіш монета және 23 монета сериясы ұсынылды. Конкурстыӊ қазылар алқасына әлемніӊ әйгілі мұражайларыныӊ және аукцион үйлерініӊ сарапшылары, түрлі елдердегі монеталардыӊ дистрибьютор компанияларыныӊ, нумизматикалық қауымдастықтардыӊ және монеталар туралы арнайы басылымдардыӊ өкілдері кірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны